24.02.2022
  446


Автор: Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)

Аспандағы ғаламат құпия дене

 


 


Шолпан қыз бүгін түнгі тыныш ұйқысынан ерте оянып, төсегінен сергек тұрған.


Жеңіл киініп, киіз үйдің түндігі ашық шаңырағынан аспанға қараған. Оның күлдіреуіштерінің арасынан лапылдап көгілдір түсті шырақ көрініп тұр екен. Шолпан оның өзі туылып өскен Жер ғаламшары екенін бірден таныды. Шаңырақтан көз алмай тұрып, көз шараларына ыстық жас үйірді. Осыдан шамалы уақыт қана бұрын осы Жер ғаламшарында өмір сүрді. Емін еркін жүрді, тұрды. Сол кезде Шолпан ғаламшарына келіп, осындай жағдайға тап боламын деп ойлап па? Енді бәрі де түс көргендей. Тұрып жатқан киіз үйі де сонау ерте заманнан қандай да бір құдіретті кұшпен келе қалғандай. Бұл көрініске сенерін де, сенбесін де білмейд әлі. Сенбейін десе, бәрі де шындық, шынайы өмірдің нақ өзі. Емшектаудың астындағы адам қолымен қаланған қала мұынмен


салыстырғанда ештеме де емес екен. «Сонда осыншама табиғатты әп сәтте қалай оп оңай өзгерте алады бұлар?» деп бір ойлап қойды Шолпан қыз. Әсіресе, өзін ойландырған бір нәрсе аспанда осы көріністерді жасайтын бір құпия дененің болуы. «Бәлкім, ол жарық сәулесін жұтып, қайта шығаратын дене шығар?» деген де ой келген жас қызға. Бірақ


қапелімде ол сұрақтарына жауап таба алмады.


 


Киіз үйдің алдынанан лапылдай көз тартқан Жер ғаламшарына ұзақ уақыт бойы қарап тұрды. Айнала төңіректен қанша жақсы әсер алса да туылып өскен Жер ғаламшарына, ондағы ауылына жетер емес. Тек осы көріністің қалай жүзеге асатыны түсініксіз. Күнде кездесіп, бірге серуен құрып жүрген Абзалдан сұрамапты мұның сырын. Әуелде шет жағасын сұрағанда Абзал жауабын кейінге қалдырған болатын. Сонысына өкпелеп кетіп те қалар еді бұл жерден. Бірақ қайда? Өзінің Шолпан ғаламшарының қай аймағында тұрғанын да түсіне алар емес. Сондықтан қайда кетерін де білмейді. Оның үстіне бұл өзі бір құбылмалы әлем. Табан астында өгере қалады. Көрініс олай да жылжиды, былай да жылжиды.


 


Мұндағы тұрғындарға жылдың көктем мезгілін де, жас, күз бен қыс мезгілдерінде келтіре салу оп оңай сияқты. Жер ғаламшарында ауа райын өгертуге адам баласының ақыл ойы әлдеқашан жеткен. Ал бірақ дәл мынандай ғаламат табиғат өзгерісін жасау Жер тұрғындарының ақылына сыймды емес. Жас қыз осыны да ойлаған. Бірақ қолынан келер не бар. Басқаны былай қойғанда, дәл қазір өзінің уақыт пен кеңістіктің қай нұктесінде екенін де білмейді. Шолпан киіз ұйдің сықырлауығы арқылы қайта ішке кіріп, оның сол шетіндегі бір түймені оң қолының сүйріктей ғана сұқ саусағымен жай ғана нұқыды.


Артынша киіз үй керегелеріне жабылған шиі мен туырлықтары жоғары қарай түріліп, айнала төңіректен салқын самал жел соқты. Жас қыздың тынысы кеңіп сала берді. Дәл осындай рахат сезімге ауылы аймағындағы жайлауда тігілген киіз үйде бөленген. Ал әлі тірішілік жағдайына толық келе қоймаған мына Шолпан ғаламшарында дәл осындай ортаға түсемін деген ой ешқашан да болмаған. Ұйқыдан тұрғалы көп сергіп, көңіл кұйі де кһреілген.


Сәлден соң Шолпан қыз өзін еркін сезініп те кетті. Киіз үйден шығып, сықырлауық жанындағы алаңқайда таңғы дене жаттығуларын жасады. Сол жердегі


автоматтандырылған компьютерлендірілген жүйеге келіп, қолдарын, бетін жуды. Ондағы айнаға да қарап алған. Аз ғана уақыттың ішінде сұп сұр жүзіне қан жүріпті. «Осы киіз үйде Айман екеуміз болсақ қой. Әрәптес ағаларымыз көрші киіз үйлерде тұрса ғой» деп армандап қойды ішінен Шолпан. Бір жағынан: «Бұлар қандай бақытты адамдар. Ұлы табиғатты қалағандарында әп сәтте өзгерте алады. Еркін ежелгі ата бабаларымыз сияқты мынандай кең жазира далада емін еркін өмір сүреді. Мұнымен салыстырғанда біздің Жердегі, елдегі тірішілігіміз жай нәрсе екен ғой» деп жеңіл күрсінді.


Шолпан қыз енді киіз үйдің қалаына қарай бөліне беретін бөлмелерінің бірінен әдемі киім алып киіп, сыртқа тағы шықты. Айнала әсем табиғат мүлгіп тұр. Әзірге ештеме өзгермепті. Тау да, тас та, сай сала мен қыраттар да сол қалпында. Шығыс тұстан салқын самал еседі. Аспанда бір шөкім де бұлт жоқ. Шолпан ілгері қарай жүре берген. Кенет қыз аспаннан Ай сияқты, бірақ одан сәл көмескілеу бір денені байқады. Кілт тоқтап, оған қадала қарап қалған. Оның не дене екенін түсіне алмады. Енді Шолпан қызға керегі Абзалдың жанына келуі еді. Ол ойы сәл уақыт өтпей орындала қалды. Абзал жанында тұр. Бұл көрініс Шолпанға тап бір ойдан айтылатын жұмақтағы өмір сияқтанып та кеткен. Нені ойласа, сонысы орындалады. Шолпан Абзалмен жылы амандасты. Ол жымия қарап тұрды да:



  • Шолпан, бүгін неге ерте тұрдың, - деді жай ғана қоңыр дауысымен.


 



  • Мына ғажайып табиғатты ертерек көргім келді, - деді Шолпан, - бәрі де менің Жердегі, елдегі, дүниеге келген ауылымның табиғатынан аумайды екен. Сол Жер енді аспанда осы Шолпан ғаламшарындай болып көрініп тұр. Жұлдыздар да ерекше көз тартады.

  • Сіз бір ғажап қызсыз, - деді Абзал Шолпанның бота көздеріне қарадала қараған күйде, - сезімің пәк. Тап бір жас бала сияқтысың.

  • Жас бала болып не бүлдіріп қойыппын, - деп бұртия қалды Шолпан.


 



  • Ол сөзіме ренжімей-ақ қойыңыз, Шолпан. Жалпы, адамзаттың өзі де балалық санадан шыға қойған жоқ қой.

  • Оны қалай түсінуге болады?


 



  • Қалай десем болады, біз, ұрпақтар, ата -бабаларымыздың жолынан тайып, өздерін


«Дамығанбыз» деп санайтын халықтардың қате жолына түсіп кеттік. Ұлы табиғатты ата бабаларымыз сияқты көшпенділік өмір арқылы қорғап, аялаудың орнына, бір жерде отырып алып, оны таптадық, бетін тас қабатпен жаптық, ауасын газ түтінмен ластадық.



  • Оны мен ғана емес, Жер тұрғындарының бәрі де жақсы біледі, - деді Шолпан Абзалға бота көздерін қадап, - енді оны қалай түземекпіз?

  • Оны енді түзеу мүмкін емес, Шолпан, - деді Абзал терең күрсініп, - табиғатын сақтаудан бұрын Жерге ортасынан жаңғақша қақ бөліну қаупі де төніп тұр. Сондықтан адамзаттың болашағы осы Шолпан ғаламшары. Мұның қыртысынан қазба балық іздеп, бұрғылай берудің де қажеті жоқ.

  • Осы Шолпан ғаламшары дейсііз бе? Сонда екеуміз Шолпан ғаламшарында тұрмыз


 


ба?


 


 


 


ғой.


 


 



  • Әрине, - деді Абзал айналаға көз тастай сәл жымиып.


 



  • Бұл қалайша Шолпан ғаламшары? Мына табиғат аясы тап Жер ғаламшарындағыдай


 


 



  • Бұл табиғат аясын жасаған біз.


 



  • Ана аспандағы Ай сияқты денемен бе?


 


-Оны қайдан байқап қойдыңыз?


 


-Таң жаңадан қылаң берген кезде ол маған анық көрінген.


 


 



  • Иә, сол денемен... - деп Абзал аспандағы денеге бір қарап алып үнсіз қалды.


 



  • Сонда сіздер Жердегі кез келген табиғат аясын Күн жүйеміздегі кез келген ғаламшарға осылай әп-сәтте көшіріп, тірішілік орната қоясыздар.


-Иә, дәл солай, Шолпан, Тірішілік дегеніміздің өзі де жарық сәулесі емес пе?


 



  • Оны бәріміз де білеміз.


 



  • Күллі тірішілік әрекеттері тек жарық сәулесінің ішінде өте алады.


 



  • Бұл да түсінікті. Жарық сәулесі жоқ жерде тірішілік көрінісі де жоқ.


 



  • Жарық сәулесі жоғалса, күллі тірішілік көрінісі де жоғалады.


 



  • Мұны түсіне алмадым, - деді Шолпан аспандағы әлгі Ай сияқты денеге көз қиығын салып қойып, - біз қараңғы түнде де өмір сүре аламыз ғой.

  • Ол рас. Бірақ жарық сәулесінің толық сөнгені емес ол. Ана аспандағы Күн сөне қалса, күллі табиғат әлемі де, мына біз де жоғаламыз.

  • Сонда да сенгім келмейді, - деді Шолпан жеңіл күрсініп, - біз жарық сәулесі емеспіз ғой. Тірі адамдармыз.

  • Түсінбедіңіз, Шолпан, - деді Абзал айналасын барлай қарап, - мына табиғат әлемі, таулар, өзендер мен көлдер, ну орман ағаштары, жануарлар, құстар, судағы тірішілік иелері, бәрі бәрі де жарық сәулесінің жаратылыстары.


 



  • Жоқ, олар да жарық сәулесі емес, - деп шарт кетті Шолпан.


 



  • Жарайды, - деді осыдан соң Абзал ауыл жаққа қарап алып, - сіздің басыңызды қатырмайын. Оның бәрін бірте бірте түсінесіз. Ал қазір серуен құралық.

  • Жарайды. Онда ана бір таудың басына шығайықшы.


 



  • Шығайық.


 


Екеуі қол ұстасып, солай қарай жүгіре жөнелді. Таза ауа, салқын самал кеуде қолқаларын ашып, жүгірген сайын жігерлендіре түсті. Айнала табиғат аясы да жандана түскендей. Тау етегіндегі орман ағаштары бұтақтарында қонақтап отырған құстар да көңілдене сайрайтындай тынымсыз. Жігіт пен қыздың көздері тау басында. Тау шыңдарында одырайып одырайып Арқарлар тұр. Екеуі ара тұра кідіре қалып, сол Арқарларға қызыға қарайды. Бәрі де шын, бәрі де Шолпан қаншама күмәнданып қараса да бұл көріністерден ешқандай жасандылықты таба алмады. Абзал тау беткейлерінен бірнеше тал гүлдерді теріп алып, алғаш рет Шолпанға ұсынды. Шолпан алғысын білдіріп, ол гүлдерді иіскеп иіскеп қойды. Көңіл күйі көтеріңкі. Тек көп нәрсені әлі де толық түсіне алмаған. Ал Абзал білімді жігіт болғандықтан өздері жасаған ғаламат істің мән жайын іштей жақсы түсінеді, түйсінеді. Шолпан өзінің күтпеген жерден құрбысы Айманна, әрптес


ағаларынан алыстап кеткенін іштей есіне алса да, енді осы ортаға кәдімгідей бауыр басып та қалғандай. Абзалға қызға тән жағымды қылығымен селт бұрыла қарап:



  • Абзал, сіз мені тамаша дала табиғатына, мына ауылға алып келдіңіз. Ал енді мені қандай да бір қалаға апара аласыз ба? - деп рияыз жымиды.

  • Қалада болғыңыз келе ме?


 



  • Иә, - деді Шолпан қызға тән еркелігін танытып.


 



  • Онда қаладан әлі жалықпаған екенсіз ғой.


 



  • Ауылда дүниеге келдім. Ал бой жеткеннен кейінгі өмірім қалада өтіп келді. Қанша дегенмен қала өмірі күрделі. Онда адам баласы жетісіктерінің бәрі бар.

  • Түсіндім, - деді Абзал ауыл жаққа көз салып, - мына табиғат аясын қалаға


айналдырып жіберсем, әкем ренжиді. Ол кісі қала атаулыны жақтырмайды. Тіпті, көргісі де келмейді. Мынандай дархан даланы, таза ауаны, ауылды жақсы көреді. Тұлпарға мініп, алып кең далада құйындата шапқанды қалайды. Қазір де әкем замандастарымен бірге серуенде. Өмірінің қызығы да сол.



  • Осы сіздер жарық сәулесін игеру дәрежесіне қалай жеттіңіздер?


 



  • Тынымсыз ғылыми ізденістің нәтижесінде. Кезінде қалада да болдық. Бар ғылыми техниканық жетістіктеерімізді тиімді пайдаландық.Осындай дәрежеге жекен соң Қала салудан да, қала өмірінен де бас тарттық.


- Ол қалаларыңыз қайда?


 


- Оны осы ауылдарға айналдырдық.


 


Шолпан мән-жайды тағы да онша түсініңкіремеді. Аспандағы әлгі Ай сияқты денеге басын көтере қадала қарап тұрып қалған. Ол жарқырай көкке өрлеген Күн сәулесіне малынып көздеріне әрең шалынды. Былайша қарағанда, Жер ғаламшарының таң


 


мезгіліндегі аспандағы Ай шартабағын көзге елестетеді. Ал таң қараңғылығында ол сәл қарайңқырап, қызарыңқырап көрінген еді. Оның тұсынан ағып өткен Ақпа жұлдыздар сәл қыарып барып сөнеді. Бұл құбылыс тап бір жарық сәулені жұтып алатын қара ойыққа тән еді. Бірақ қара ойық бұл аспанда қайдан бола қойсын. Осы Шолпан ғаламшары маңында қара ойық пайда бола қалса, бар нәрсені де, Күн сәулесін де жұтып алар еді. «Бұл өзі адам қолымен жасалған ғажайып аспан денесі болар» деген ойға келді Шолпан. Сөйтіп, іштейгі сұрақтарын жүйелей де бастаған. Осы кезде Абзал Шолпанның жаңағы


ұсынысына ойысты.


 



  • Шолпан, жаңа сіз қандай да бір қаланы көргіңіз келіп еді ғой? - деді.


 



  • Иә, - деді Шолпан, - қандай қала болса да көргім келеді.


 



  • Онда мен сізге жұлдызды әлемдегі тірішілікті ғаламшардың біріндегі өзім болған бір қаланы көрсетейін. Тек оныің сәуле бейнесін сіздің құрбыңыз Айман мен әріптес ағаларыңыз жұмыс жасап жүрген аймақ мңына түсіре аламын. Сонда ондағылар бізді тап бір алапат экраннан көргендей көреді.

  • Бұл тамаша Ғой! Онда мен әріптестеріммен табысамын. Солармен қаламын. Ал сіз осында ораласыз.

  • Жоқ, сіз мені тағы түсінбедіңіз, Шолпан. Олай болмайды.


 



  • Неге? - деп Шолпан Абзалға қадала қарады.


 



  • Өйткені, жаңа айтқанымдай, біз оларға тек алапат телеэкрандағыдай болып көрінеміз. Олармен араласа алмаймыз.


- Өкінішті, - деп Шолпан күрсініп салды.


 



  • Олармен тілдестіру менің қолымнан келмейді, Шолпан. Қанша ақылды, қанша білімді болсақ та ұлы табиғаттың шектеуі бар емес пе? Бір жағынан қандай да бір жетістікке жетсек, екінші жағынан сондай жетістіктерге жете алмай қалып жатамыз. Әйтеуірі бір шектеу бар ғой бұл жарық дүниеде.


Шолпан бұрия үнсіз тұрып біраз ойланды. Өзі кеткелі біршама уақыт өткендіктен құрбысы Айман мен әріптес ағаларын сағына да бастаған. Олардың өзін шарқ ұрып іздеп жүргендерін де іштей сезеді. Ал жаңағы Абзал айтқан араласымсыз сәуле көрініс көңіліне қона қоймады. «Осы жағы жанына батқандай. Бірақ олардың жүздерін бір көрмеуге шыдамы жете ме? Олармен қол алысып амандсып, тілдесу міндет пе? Теледадардағы бейнехабарлардан, ән күйден, таныс адамының сөздерінен араласымсыз ақ ләззат алмай ма адам баласы? Шадыман аға бастаған ғарышкер геологтар мен мамндар тобы да мені көріп қуанбай ма?» деген ойлар мазалап, бойына жігер тудырған енді Шолпанға. Ол енді Абзалға бұрылды да:


- Абзал, Мен жаңағы ұсынысыңа келісемін. Маған қаланы көрсетіңізші,


аралатыңызшы. Сол қаладан мені құрбым Айман мен әріптес ағаларым менің бұл жарық та жылы дүниеде бар екенімді бір көрсінші.



  • Жарайды, деді Абзал ауыл жаққа қарап алып, - сіз үшін әкемнің рұқсатынсыз бір іске барайын.


Шолпан Абзалдың қимыл қозғалыстарын мұқият бақылап тұрды. Жігіт екі қолының саусақтарына тағылған жүзік іспетті микроқұралдарына қарап алды. Содан соң Шолпанға


 


естілер естілмес күбірлеп бірдемелерді айтты. Әзірге ешқандай құбылыс болмады. Содан Абзал оң қолының сұқ саусағына кигізілген жүзікті сол қолының сұқ саусағымен жай ғана сипады. Соның артынша аспан айналып, Шолпан ғаламшары қозғалып кеткендей бір күй басталды. Шолпан қатты қорыққанынан «Ой, апа!» деп айғайлап жіберіп, Абзалдың қолтығынан ұстай алды. Абзал оң қолының сұқ саусағындағы жүзікті сол қолының сұқ саусағымен қалай қарай сипаса, бар табиғат көрінісі де солай қарай жылжыды.


Шолпан әлі де ештемені түсіне алар емес. Өзін Шолпан ғаламшарының үстінде емес, бейнебір алапат экранның үстінде тұрғандай сезінді. Абзалға бірдеме деуге де шамасы қалмаған. Содан қыз Абзалдың қолтығынан қос қолымен мықтылап ұстап тұрып, аспанға қараған. Сонда барып әлгі Ай сияқты ғажайып аспан денесінен қандай да бір сәулелер шығып, қайта жұтылып кетіп жатқандай болғанын байқады. Бірақ оған бекер қарапты. Көз жанары талып, қарауытып кеткен. Тіпті, бір сәтке ештемені көрмей де қалған. Абзал болса, өзінің күрделі әрекетімен Шолпанның бұл жай күйін бақылай да алмаған.


Шолпан енді сәл есін жиып, Абзалдың қолтығынан қос қолымен мықтылап ұстаған күйі көріністі қарады. Тау да, тас та, өзен мен көл,орман мен жазық дала да бейнебір жылжи көшіп кетіп бара жатқандай. Аспандағы Ай сияқты ғажайып денеден тараған


сәулелер қалай құбылса, Шолпан бетіндегі көріністер де солай өзгереді. Тап бір ғаламат телеэкранда өтіп жатқан түсірілімдердей. Енді сәлден соң Шолпан ғаламшарының бетінде тап Жердегідей жыпырлаған үйлері бар қала пайда болды. Қым қуыт көшелер, сол көшелердің бойларында әрі бері ағылып жатқан түрлі көлемді көліктер. Көшелердің жиек жолдарында ерлісі қарсылы тұрғындар жүруде Шолпан қыз енді өзінің Шолпан ғаламшарында тұрғанын ұмыта да бастады. Көңілі ерекше көтеріліп, Абзалды қолтықтай ұстап, қала көшелерінің біріне түсті. Өзін жастайынан ұйреншікті ортаға келгендей сезінді енді Шолпан. Абзалдың құдіретті құралдарына қайран. Екеуі бейтаныс қаланы аралауға асықты.





Пікір жазу