24.02.2022
  186


Автор: Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)

Ата заман аясында

 


Өзіне әзірі беймәлім табиғат аясындағы қазақ ауылына келіп, ел басшысының


ұсынысымен өзіне арнап тігілген киіз үйге орналасқаннан кейін Шолпан қыз шамалы ақыл тоқтатып, айнала-төңірегіндегілерге мән бере бастаған. Өзі орналасқан ақшаңқай түсті, алты қанат киіз үйдің өзі қандай. Іші-сырты қазақы ою-өрнектермен безендірілген, сәнделген. Соның өзі де Шолпанның көіңл-күйін көтерген. Мұндай киіз үйлер өзі туылып өскен ауылда да, жалпы қазақ елінде де сирек тігіледі. Сол себепті де әлі өзі білмейтін нәрселер көп-ақ екен. Білетіні, киіз үйге кіріп-шығатын сықырлауығы, керегелері мен оларды айнала жабатын туырлықтары, уықтары мен оларды жабатын үзіктері, шаңырғы мен оны жабатын түндігі. Қалған әбзелдерінің қалай аталатынын Шолпан есіне түсіре алмады.


Жер ғаламшарының күрделі техникалар мен компьютерлерге бас өз салт- дәстүрлерінен мақұрым болған елдер аз ба. Заман талабынан сырт қалмауға тырысып, мынандай тамаша сән-салтанаттан аырылып қалғандарын Шолпан енді түсінді. Бірақ мұны сонау ерте замандағы қарапайым киіз үй деуге болмайды. Автоматты-компьютерлі жүйелер мұнда да бар. Тек шектен тыс емес. Қазақтың салт-дәстүрі толығымен сқталған. Шолпан киіз үйдің іші-сыртын асықпай әбден қарап шықты. Саналы, білімді адам баласы біркелкі өмірмен шектелмейді. Қашан да алға қарай дамып отырады. Тек сол жолында қателікке ұрынбаса. Шолпанды іштей бір қуантқан нәрсе, осы ауылдың тұрғындарының соншама өркениетті бола түра, қазақ салт-дәстүрден еш ауытқымағаны.Осының өзі-ақ мұндағылардың абзал жандар екендерін айқын көрсетеді.


Шолпан енді киіз үйдің ішіндегі жиһаздарға зер салған. Жүкаяқ, сандық, кебеже және тағы басқа жиһаздардың бәрі де адамның шебер қолымен жасалған. Еденге төселген кілем қолмен тоқылған, , көрпе, жастық қолмен тігілген. Киіз үйді сән-салтанат етіп тұрған басқа бүйымдар да сондай. Шолпан сонда да киіз үй керегелерінің ішкі жағынан ілінген қазақы ою-өрнекті кілемдарды де, басқа сәнді бұйымдарды да қолымен ұстап та көрді.


Көп жағдайда ғарыш кемесі ішіндегі, Шолпан даласындағы бұрғы қондырғыларының жаныдағы шудаан құлақтары тұнған Шолпан енді ғажайып тыныштық әлеміне енді.


 


Дала да тыныш. Табиғи дыбыстар мен дауыстардан өзге ештеме естілмейді. Шолпан киіз үйден сыртқа шыққан бойда осыған көз жеткізді. Қандай тамаша! «Осыны Кең тегісте меннен көз жазып қалған әріптестерім көрсе ғойә деп біройлап қойды ішінен Шолпан.


Олардың өзін шарқ ұрып іздеп жүргендерін де сезді. Бірақ әзірге қолынан келер ештеме жоқ. Ендігі қолынан келетіні – осы ауылдың тұрғындарының мұндай дәрежеге қалай жеткендерін зерттеп білу. Содан соң ол ғылыми мәліметтерді әріптестеріне, Жердегі, елдегі ғалымдарға жеткізу. Шолпан терең ойға батып, айнала-төңірекке көз жіберумен ұзақ тұрды, ұзақ серуендеді. Тек содан соң ғана жатын киіз үйіне оралған.


Түн тыныштығында даШолпан көпке дейін көз ілмеді. Киіз үйдің уықтарының , шаңырағы мен күлдіреуіштерінің араларынан менмұндалаған Айды, ғаламшарлар мен жұлдыздарды тамашалады. Қала өмірінде мұндай ғажайып көріністен тұрғындарының


бәрі де мақұрым. Жұлдызды әлемге көз тастауларына қаланың мың-сан шамдары кедергі, уақыттары тапшы. Ал мына өмірде бәрі де табиғи, бәрі де көз алдында. Шолпан


жұлдызды әлемге қадала қарап жатып ұйқтап кетті. Ерте оянды. Өзі жатқан құс төсегін жинастырды. Киіз үйдің күншығыс көкжиегі ағарып қалыпты . Енді шамалы уақыттан соң жарқырап шартабақ Күннің шығатыны да белгілі.


Шолпан киіз үйдің сықырлауығын жайымен ғана ашып, сыртқа шықты. Таңғы салқын самал денесін сәл түршіктірді. Айнала ғажайып көрініске айналған. Табиғатта, табиғаттағы күллі тірішілік иелері де оянуда, өз тірішілік әрекеттеріне кірісуде. Өзен суының сарылы естіледі. Түні бойғы қараңғылықта мүлгіген таулар да тірішілік әректіне көшкендей. Күн шыға тіішілік тіпті де тірілген. Неше түрлі құстар да шаттанғандай жиі сайрап, ұшып- қонуда. Жер бетімен қозғалғандары қаншама. Ірілі-ұсақты малдар өріске қарай тартқан.


Оларды айдап жүрген ауыл тұрғындарының дауыстары бәсең шығады. Табиғи дыбыстармен үйлесім тауып жатады.


Шолпан бойына жинаған ерекше әсермен қайта ішке кірген. Енді үстіндегі ғарышкерге арналған комбинезонымен жүруге арланды. Сықырлауықты жауып, іштен ілгегін іліп, өзіне әлдекімдер әкеп қойған ұзын көйлекті, сыртынан қамзолды киді. Тек өзін өзі көріп, сәнденетін айна жоқ. Мұндай киіз үйде ондай заттың болмайтынын түсінді Шолпан. Сықырлауықтың ілгегін жайымен ашып, қайта сыртқа шыққан. Табиғат әлемі тамылжып тұр. Көктем мезгілі екені де айқын көрінеді. Жасыл өсімдіктер мен


араларындағы түрлі түсті хош иісті гүлдер қалың өскен. «Әттең-ай, жанымда Айман болса ғой, екеуміз мына ғажайып табиғат аясында еркін серуендер едік, гүл терер едік» деп бір ойлап қойды. Жан-жағына жиі-жиі көз салды. Ешкім көрінбеді. Содан жас қыз суы гүріолдей ағып жатқан өзен жағасына келген. Өзен суының мөлдірлігі сондай, өзінің бейнесі де анық көрінді. Енді ешқандай да айнаның қажеті жоқ. Шолпан су иіріміне қарап тұрып киімін де, шашын да түзеді. Сөйтіп барып айналаға көз жіберген. Сол кезде барып бірнеше ауыл тұрғынын байқады.


Шолпанның жан-дүниесін рахаттандырған нәрсе – табиғи көріністер мен табиғи дыбыстар, дауыстар еді. Осы тамаша сәтті қиғысы келмеді. Төбе-төбеге шығып, қыр


өрлеп, сай-аланы бойлай жүріп Қызғалдақтар мен Сарғалдақтарды тергісі де келді. Ұзын көйлегінің етегін екі қолымен сәл көтере ұстап біршама жерде шарлады. Екі құлағына таққан салмақты сырғалары жарасымды теңселіп, екі білегіндегі тағылған білезіктері мен саусақтарындағы оған жалғанған жүзіктері жағымды сыңғыр қақты. Жас қыздың бұл серуенін байқаған ауыл тұрғындары «Ұялтпайық» дегендей сырттағы жұмыстары бітісімен өзді өзді киіз үйлеріне қайта кіріп кеткен. Шолпан жайқала өскен түрлі түсті, хош иісті гүлдерден бір құшақ теріп алды.


 


Гүолдерді кеудесіне жанастыра жиі-жиік иіскеп қойып, жатын киіз үйіне жақындағанда, ол жерде өзін күтіп, жымия қарап тұрған Абзалды көрді. Шолпан қапелімде не ерін білмей, қандай шешімге келерін білмей кілт тұрып қалған. Абзал да үстіне қазақы ою-өрнекті бешпет пен шалбар, басына бөрік киген. Белінде жалпық белдік, оң қолында қамшы.


Шолпанның кідіргенін көрген бойда бері қарай жүре берген. Айнала тыныш. Өріске шығарылған ірілі-ұсақты малдар ғана көңіл аудартады. Шолпанның бір іздегені өзін алып келген ғарыш кемесі мен басқа да техникалар еді. Ондай нәрселер көздеріне шалынбады.


Абзал жымия қараған күйде өзіне жақындап та қалған. Шолпан сол орнында тұра берген. Абзал келген бойда, оі қолындағы қамшысын сол қолына ауыстырып, оң қолын Шолпанға созды. Шолпан да үнсіз оң қолын созған. Екі жылы алақан жайымен жанасты. Екеуі де бойларын билеген қандай да бір құдіретті сезімнен сырт шыға алмады. Екеуі қатарласа Шолпанның жатын киіз үйіне қарай жүрген. Шолпан әлден уақытта бұл үнсіздікке шыдамады.



  • Абзал, айтшы, бұл не өзі? Өңім бе, түсім бе? Жоқ әлде тек бір елес пе? – деп оған бота көздерін жалт бұрды.

  • Бұл ешқандай елес емес, - деді Абзал қызға тағы да жымия қарап, - біз ата замандамыз.

  • Ата заманы қалай? – деді Шолпан мән-жайды әлі де толық түсінбей.


 



  • Қалай десем болады, - деп Абзал сәл кідіріп, айналаға көз тастады, - бұл ата- бабаларымыз өмір сүрген заман. Оны біз сәулемен қайтарып алдық.

  • Түсінбедім, - деді Шолпан Абзалға бұрыла қарап. – бұл бір елес-көрініс іспетті маған.


 



  • Жоқ, Шолпан, олай емес. Біз нағыз табиғат аясындамыз.


 



  • Табиғаты әлі толық оянып болмаған мына Шолпан ғаламшарында осындай ауылдың орнай қалғанына кім сенеді?

  • Ендеше, мына киіз үйлер ше, ірілі-ұсақты малдар мен күллі тірішілік иелері ше, қолыңдағы гүлдер ше? Бәрі елес-көрініс пе?

  • Жоқ, - деп Шолпан құшақ гүлдерін иіскеп, кеудесіне баса түсті. – гүлдер ідемі, хош иісті!

  • Үстіңдегі қазақы көйлектерің де, қамзолың мен басыңдағы кәмшат бөркің де, екі білегіңдегі білезіктер мен оларға жалғанған сауақтарыңдағы жүзіктерің де өте жарасымды! Нағыз қазықтың қызысың енді, ШОлпан! Ғарышкер-геологтарға арналған комбинезоның қазақтың қызына тән сыныңды бұзып тұрушы еді. Енді бәрі тамаша!

  • Көңіліңе алғыстымын, - деді Шолпан айнала-төңіркее тағы да таңырқай қарап, - сонда біз ата заманға ғылыми-болашақтық шығармаларда айтылатындай уақыт кемесімен келдік пе?

  • Жоқ, - деді Абзал, - уақыт кемесі деген бос қиял! Ал бұл нағыз шындық!


 



  • Қалай шындық болады, Абазл, - деді Шолпан жігітке қадала қарап тұрып, - Алтынбек екеің мені шақырған кездеріңде осы Шолпан ғаламшарының қртысы да, айнала бүкіл көрінісі де өздеріңмен бірге жылжып кетіп бара жатқандай болып еді ғой.


 



  • Оны жасаған біз, - деді Абзал шығыс көкжиектен біршама көтеріліп қалған Күнге қарап қойып, - бар дүние жарық сәулесінен көрініп тұрған жоқ па! Егер ана Күн сөнсе, бәріміз де сол заматта жоғаламыз.

  • Ол түсінікті, деді Шолпан да Күнге бір қарап алып, - сонда сіздер жарық сәулесін құбылтуды игергенсіздепр?

  • Дәл солай, Шолпан.


 



  • Сонда біз жарық сәулесі болдық па?


 


-Дәл солай.


 



  • Ендеше, ұлы ғалым, энциклопедист Әбу Нәсір әл-Фараби бабамыз «Дүние әлемі сәуледен жаралған» деп бекер айтпаған екен ғой, - деді Шолпан.

  • Дәл айтқан. Егер біз жарық сәулесі таралатын жылдамдықпен қозғалсақ жарыққа айналып кетеміз.

  • Қойыңызшы, Абзал, - депШолпан алғаш рет риясыз жымиды, - ондай


жылдамдықтың бізге не қажеті бар. Осылай адам болып жүре бергеніміз жақсы емес пе? Одан да сіз мені Кең тегісте қалған әріптестеріме жеткізіп салыңызшы.



  • Ол әзірге мүмкін емес. Әріптестерің сізді әзірге таба алмайды. Сіз оларға енді бір елес-көрініс сияқтысыз.

  • Елес-көрінісі қалай? Мені не үшін олай еттіңіз, Абзал?


 



  • Өйткені, сез маған қатты ұнайсыз, Шолпан. Осы кезге дейін көрші ауылымда өзіңдей ақылды, жаны таза әрі батыл қыз бар деп ешқашан ойламаппын. Енді сізді таптым. Осылай жасағаным үшін өзіңнен кешірім сұраймын, Шолпан.

  • Кешіремін, әрине. Бірақ менің кешірімімнен не өзгереді ?


 



  • Бәрі де өзгереді. Уақыт – өзгеріс емес пе? Бәрі жақсы болады. Қашан да осылай ойлау керек.


Шолпан үндемей айнала-төңірегіне қарап алды. Тау-тас, сай-сала, орман-тоғай, өзен- көл, бәрі бәрі де өзгеше. Мұнда техника атаулы анда-санда, аса қажет жағдайда ғана қолданылады екен. Сондықтан тыныштық. Жаңа ғана өзі қыр басы мен етегінен бір құшақ Қызғалдақтар мен Сарғалдақтарды теріп алды. Ол гүлдер қолында. Ешкім алып қойған жоқ. Бәрі де табиғи, бәрі де шындық. Шолпан ішінен: «Осыншама табиғи көіністерді бір жерден еккнші жерге бұлар қалай көшіреді аз уақыттың ішінде» деп ойлы жүзімен Абзалға бір қарап алды. Сөйтп, осы сұрағына жауап алғысы келген.



  • Абзал, - деді сәлден соң Шолпан, - сіздер жарық сәулесімен Жеріміздегі


ауылдарыңызды осында көшіріп әкеліпсіздер. Ал енді осы Шолпан ғаламшарын түгелдей Жеріміз сияқты ғажайып табиғатты ғаламшарға айналыдара аласыздар ма?



  • Айналдыруға боады. Тек бірден емес. Жер ғаламшарымызды халықтар жер жерге бөліп алған емес пе. ШОлпан ғаламшарын түгелдей Жеріміз сияқты етсек, дамыған елдер осылай қарай лап қояды. Содан соң ел мен елдің арасында талас-тартыс басталады. Осы жағын да ойлауымыз керек.


 


 


ба?


 



  • Сонда Жер ғаламшарымыздағы ғажайып табиғат та жарық сәулесінен пайда болған


 


 



  • Әлбетте, Шолпан.


 



  • Ғажап екен. Әйтпесе, мен тірішілікті тек тірішілік деп білуші едім. Жарық сәулесі деп


 


ешқашан да ойламайтынмын. Енді түсіне бастадым. Сонда біздің күллі күйкі тірішілігіміз жай сәуле ғана болғаны ма?



  • Жай сәуле деуге де болмайды, Шолпан. Тірішілік – кәдімгі тірішілік. Тек бәрі де жарық сәулесінен тұрады. Ал жарық сәулесінсіз дүние әлемі жоқ.

  • Ол түсінікті. Сонда да сене алмаймын. Мына тұрған біз, күллі тірішілік иелері қалайша жарық сәулесі ғана болады. Біз бір бірімізді көреміз, сөйлесеміз, қол ұстасамыз. Тағы басқа да түрлі әрекеттер болып жатады өмірімізде.

  • Иә, өтіп жатады. Бәрі де өтеді. Дүние әлемінің құбылысы алуан. Оның бәрін аз ғана уақыттың ішінде тізіп айтып шығу еш мүмкін емес. Сол алуан құбылыстардың бәрі де жарық сәулелері. Ол сәулелер үнемі тарап жатады, Ғалам кеңістігіне сіңіп кетіп жатады.

  • Біздің жарық дүние дейтініміз. «Көрер жарығы бар екен», «Көрер жарығы сол


болыпты» деген сөз тіркестеріміз де осыдан келіп туындаған екен ңой, - деп Шолпан жеңіл күрсініп қойды.



  • Иә, Шолпан, - деді Абзал да жеңіл күрсініп, - күллі тірішілік көріністерінің пайда болуы да, ізім-ғайым болуы да жарық сәулесіне байланысты. Сондақтан ана аспанда жарқырап, сәулесін төгіп тұрған Күнімізге мәңгілік ғұмыр тілеййк!

    • Осы Күннің ішкі табиғатын жұлдызтанушы ғалымдарымыз көптен бері зерттеп те келеді, - деді Шолпан аспанға қарап, - оның қанша мерзім осылай сәуле шашып тұратынын да ғалымдар есептеп қойған. Тек мына Шолпан ғаламшарын үнемі бүркеген қою ала бұлттары Күннің сәулесін толық өткізбейді ішке қарай. Содан тымырсық ыстық жайлаған. Ал мен мына табиғат аясында Жердегі ауылыма келгендей әсерде жүрмін. Бұл бір ғажап дүние! Кең тегісте де осындай табиғат аясы орнаса, Шолпан қыртысын бұрғы қондырғыларымен бұрғылау әлдеқайда оңай болар еді.

    • Мұндай табиғи ортаны кез келген уақытта жасай беруге болмайды, Шолпан, - деді Абзал қызға мейірлене қарап, - әр нәрсенің өз уақыты бар, өз орны бар. Біз көшпенді қалыхпыз. Еркіндікті, кең даланы, тамаша табиғатты жақсы көреміз. Біз Жерегі, елдегі техникалар мен басқа да артық шудан арылу үшін ауылымызды осында көшірдік.




Өзіңізді көрген бетте шақырдым. Дәл осылай тамаша табиғат аясында өзіңмен осылай сырласуды ойладым. Ол ойым жүзеге асты.



  • Мен әлі де көп нәрсеге сеніңкіремей тұрмын, - деді Шолпан Абзалмен бірге тауға қарай қатар жүріп, - осыншама табиғатты, тау мен тасты, қыр мен сайды, өзен мен көлді, тағы басқаны қалайша бәр сәтте Жерден осы Шолпанға көшіре салуға болады? Бұл фильм де, голографиялық көріністер де емес. Мұнда ешқандай жасандылық жоқ. Бәрі де табиғи. Мен мына құшақ гүолдерді теріп алдым, хош иістерін иіскеп, ләззат алып та келемін. Бәрі де табиғи, бәрәі де шын көрініс, шын өмір.

  • Әрине, мұндай ешқандай жасандылық жоқ, - деп жымия қарады Абзал Шолпанға, - егер бұл жасанды болса, екеуміз де елеске айналар едік. Ал елес болсақ, дәл осылай


 


сырласып, дәл осылай түсінісе алар ма едік. Ал елес болсақ, екеуміз дде бір сәтте жоғалар едік!



  • Ендеше, жоғалайқшы! – деп сықылықтай кеп күлді Шолпан, - ал, қалай қарай жоғаламыз?!

  • Жұлдызды әлемге қарай! – деп Абзал да мәз бола күлді.


 



  • Ал кеттік, онда!


 



  • Жоқ, асықпа, тұра тұр Шолпан! – Абзал шынымен-ақ жоғалатындай айналасына қарап қойды, - мен әлі сізен сырласып болған жоқпын. Сізден бір сйтке де айырылғым келмейді. Сәзсіз менің өмірім де жоқ!

  • Солай ма еді. Оны түсінемін! – деп Шолпан тағы да сықылықтай күлді..


 


Сөйтті де, қолдарындағы құшақ гүлдерін кеудесіне баса ұстап, үстін гүл көмкерген қыр басына қарай жүгіріе жөнелді. Соңынан Абзал да жөнелген. Абзал, тіпті, енді әкесінен сұрап алған уақытын да ұмыта бастаған еді. Кенет бар табиғат әлемі бейнебір айналып төңкеріліп бара жатқндай күйге көшкен. Абзал олпанның оң қолынан тез ұстай алған.


Шолпан қапелімде мұысының мәнісін түсініп үлгермеді. Шыр құбылған көріністен басы айналып, Абзалдың демеуіне қарамастан жасыл өсіміктердің үстіне отыра кетті.


Абзал да жанына жайғасқан. Енді бір сәтте мына ғажайып жасыл өсімдікңт, түрлі хош иісті гүлдер жайына қалып, ауыл ішінен біақ шықты. Артынша ауыл арасындағы шағын жол бойымен өзін қабылдаған денелі ақсақал кісі жақындап келе жатты. Абзал отырған орнынан ширақ тұрып, оң қолын кеудесінің жүрек тұсына апарып, басын алға қарай иіп, тәжім етті.



  • Ұлым, деді жай ғана қоңыр дауысымен, - мына бір ғана рет берілетін жарық дүниедегі ешбір тірі жанның артық уақыты болмақ емес. Сен махаббат буына балқып, оны ұмытуға айналып барасың. Ал кез келген тірінің әрбір минуты оны қартаюға қарай жетелейді. Сондықтан сен бұл жарық дүниедегі әрбір минутыңды қадәрлей біл. Шолпан енді ауылымыздың бір қадірлі қызына айналды. Әзірге ешқайда кете қоймайды.


-Түсіндім, көке Кешірім өтінемін,- Деді Абзал әкесіне тағы да бас иіп. Арамызды бөліп тұрған уақыт кесіндісін мен өзгерте алмаймын. Оны ешкім де өзгертпек емес.


Сондықтан да әрқайсысымыздың тағдырымыз әр бөлек. Мен Шолпанды қатты ұнатамын. Өзіме өмірлік жар етекім келеді. Тек сіз ақ батаңызды берсңіз.


Ақсақал сәл ойланып, екі алақанын аспанға қарата жая алға қарай созды. Абзал әкесінің алдына тізерлей отыра кетіп, екі алақанын жайды. Шолпан да бір тізерлей отырып, екі қолының нәзік алақандарын бір біріне біріктіре ұстаған. Ақсақал сәл күбірлеп бірдемелерді оқыды. Содан соң дауыстап:



  • Дегендеріңе жетіңдер. Махаббатарың баянды болсын. Араларыңа шоқ түспесін. Ұлы жаратушы жандарыңда жүріп, екеуіңе де ұзақ ғұмыр сыласын. Әрқашан жолдарың болсын! деп екі алақанымен бетін сипады.


Абзал мен Шолпан да алақандарымен беттерін сипаған. Абзал орнынан тұрды. Әке ұлының ббетінен, Шолпанның маңдайынан өпті. Жігіт пен қыз енді кейін шегінген. Ақсақал екеуін шұңірейген мейірімді көздерімен шығарып салды.





Пікір жазу