24.02.2022
  249


Автор: Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)

Жоғалған із

 


 


Шадыман бастаған ғарышкер-геологтар мен мамндар асығып-аптығып үсті жайпақ келген төбенің басына жеткенде Шолппн қыздың ізі аяқ киімдерінің көмескі табан іздері ізім-ғайым жоғалды. Бәрі қатты ойға батып тұрып қалды. Оқыс оқиға бола қалайын десе, ештеме емес екен. «Табан астында аспанда найзағай ойнап, күн күркріеп, жаңбыр нөсерлетіп, жел соққан мезетте Шолпан қыздан көз жазып қаламыз» деп қайсысы ойлаған. Енді міне, бәрі де қаласын-қаламасын, осындай көңілсіз оқиғаның куәгері болып тұр. Шадыман енді бір кездегі өзінің: «Қай ғаламшарға ғарыш кемесімен ұшып барсақ та, ооларда тау мен тастан өзге ештеме де болмайды!» деген ойынан бас тарта бастаған.


Оған себеп, ғаламшардың табан астында құбылған ауа райында Шолпанның төбеге қарай жүгіріп кеткені, кімдердің шақырып, кімдердің қызықтырғанының белгісіздігі. Осыған аң-таң бір де.



  • Менімше, Шолпанды әлдекімдер тап осы төбенің үстінен қандай да бір шағын ғарыш кемесімен алып кеткен! Сол себепті бұдан әрі қарайғы іздері жоқ! – деді Шадыман жанында тұрғандарға ойлы жүзін бұра қарап. – сондақытан ол қызды табу күрделі іске айналғалы тұр.

  • Шолпан не үшін керек болды екен, ол бейтаныстарға? – деп Айман айнала-төңірекке жыламсырай көз жүгіртті.

  • Мұндайда сабарлық керек, - деді Айманға бұрылған Есмұхан, - біз Жер


ғаламшарында емеспіз, жедел қосымша іздеушілер тобын шақыра қоятын. Өзіміз іздеміз, өзіміз табамыз, Шолпанды. Тек оған уақыт қажет.



  • Мен Шолпанның табылатынына толық сенімдімін, - деді Алдияр әріптестерінің көңіл- күйлерін көтермек болып.


Шадыман бұл сөзден кейін шынымен-ақ көтеріліп қалды. Қос қолымен ұстаған қуатты дүрбісін көз алдына апарып, айнала-төңіректі үнсіз тұрып бақылады. Ештеме


 


көзге шалынбады. Тау тауымен, ойпат ойпатымен тып-тыныш жатыр. Мұнартқан жазық дала бәрінің бастарына сары уәйімді төге салғандай. Ешкім тіл қатпайды. Не деп тіл қатсын. Айтар божамы, ортаға салар пікрі жоқ болса ешқайсысының. Осылайша бірнеше үнсіздік минуттары сырғып өткен. Шадыман дүрбісімен айналаға, енді бірде үзілген қыз іздеріне қарайды. Шолпанның аяқ киімдерінің іздері жалпақ төбенің үстіне тегіс жазықтағыдан гөрі анықтау түсіпті. Бірақ Айдағы адам іздеріндей өт анық емес. Ай даласы күндіз өте ыстық, түнде өте суық. Ұн сияқтанған топырағы ылғалданғандай болып


жатады. Сондықтан онда адам аяқ киімінің табаны құмға батқандай бадырайып-


бадырайып мәңгілік таңба болып қалады. Шадыман қыз іздерін Айдағы іздермен ойша салыстырып қойды. Бірақ басты мәселе іздіердің аныө, көмескі түскендерінде емес, Шолпан қыздың іздерінің ізім-ғайып жоғалғанында еді.


Енді ғаламшар қыртысын бұрғы қондырғыларымен бұрғылап зерттеудегі бүкіл жоспарлары өзгерді. Өзгергені өз алдына, араларындағы екі қыздың бірінен жарық дүниеде, бір сәтте жоғалтып алғандары азаматтық намыстарын да қоздырған. Қалғандар да сондай күйді бастарынан кешіп тұр. Кейбіреулері тіпті, жандарына қандай бөтен адам келе қалса да алыса кетуге әзір. Қай қайсысының да ыза-кектері іштерінде. Сыртқа шығарғылары келмейді. Ғарышкер-геологтар осылайша жайпақ келген төбе басында біршама уақыт бойы не жасарларын білмей тұрып қалған. Бар құпия да Шолпанды әкеткен адамдардың осы төбе басында із қалдырмағандарында. Шолпанның басқан іздерінен өзге бұл төбе басында ешқандай бөтен адамдардың іздері жоқ. Бұл Шолпанды алып кеткен ғарыш кемесінің ешқандай қозғалтқышсыз ұшатынын да көрсеткендей.



  • Әріптестер, енді не амал жасаймыз? Шолпан қызды қалай іздеп табамыз? – деп сұрау сала қарады тұрғандарға Шыдаман ұзақ үнсіздіктен соң.

  • Бейтаныстардың Шолпан қызымызды мына төбеден қандай да бір ғарыш кемесімен алып кеткені анық, - деді Берқайыр есімді ғалым жоғары қарай көз тастап қойып.

  • Ол түсінікті, - деді оған жалт бұрыла қараған Алдияр, - мәселе, ол ғарыш кемесінен мына төбе басында ешқандай іздің қалмағанында.

  • Ғарыш кемесінің ізін жаңбыр нөсері жуып-шайып жіберген болар, - деп қойды Есмұхан қылтиып-қылиып шығып тұрған жасыл өсімдіктер мен түрлі гүлдерге қарап.

  • Онда Шолпанның аяқ кмімдерінің табан іздері қалай саөқталған? – деп Берқайыр сұрау тастады бәріне.

  • Бәріңіздің де айтып тұрған пікірлеріңіз дұрыс, - деп Шадыман дүрбісін қорабына салды, - тек ешқайсысымыз да нақты бір ұсыныс айта алмай тұрмыз. Қазіргі ең қажеті де сол.


 



  • Дәл қазір ешқандай ұсыныс айта алмаймыз. Ештеме жасай алмаймыз, - деді Алдияр Шадыманға қадала қарап, - жаңбыр нөсерінен кейін даланы қайтадан тымырсық ыстық жайлады. Арқаларымыздағы баллондардағы оттегііміз де азайып барады.


Кмбинезондарымыздың ішкі тыстарындағы салқындатқыш жүйелер де төзе бермес мына аптапқа. Сондақытан менің ұсынысым, Емешктауға оарлайық. Мына төбенің басында судағы еріген оттегімен еркін тыныс алып жүзіп жүпріп, құрылыққа шығып қалып, құрғақ оттегімен тыныс ала алмай тыпырлаған Балықтардай болып қалмайық. Әйтпесе, өмірімізге қауіп төнеді.


Шадыман ойланып қалды. Расында да шлемдерінің маңдайшаларындағы термометр мен оттегінің мөлшерін ескертетін жүйелердің көрсетулері көңіл толарлық емес еді.


 


Тһөңірегіндегілер де алдиярдың жаңағы ұсынысын іштерінен қолдағандай қарсы сөзге келмей үнсіз қалған. Шадыман демін терең алды. «Былай тартса, арба сынады, былай тартса, өгіз өледінің» реті келіп тұрғандай. Біреуін таңдауы керек. Ойлап келгенде, бұл Шолпан ғаламшарының күнінің ұзақтығы іздеу жұмыстарын жалғастыра беруге мол мүмкіндік тудырады. Сондықтан оған да шүкіршілік еуге болады. Ал егер осы оқыс оқиға Жер ғаламшарында, елде болса, әлдеқашан түс ауып, кеш болып, қас қарайған болар еді. Мұнда Күн бір орнында тапжылмай тұрып алғандай болады. Күн қалың бұлттардың арғы жағынан сәулесін төксе де, Шолпан күні Жер ғаламшарындағы бұлтты күннен әлдеқайда жарық әрі ұзақ. Бұл уақыт ішінде өздері Емшектеуға бір емес, бірнеше рет барып келе алады. Шадыманның демігін басқан Шолпан ғаламшарының осы қасиеті еді.


Ол төбе үстінде үзілген қыз іздеріне тағы бір мұқият қарап алды да, өзінен жауап күтіп тұрған әріптестеріне қарай бұрылып:



  • Алиярдың ұсынысы дұрыс. Аптап ыстықтың кері әсері мен арқа


баллондарымыздығы оттегіміздің азая бастауы алаңдарлық нәрсе. Оның үстіне қапелімде не әреукет жасарымызды да білмей тұрмыз. Емшектеудың астындағы қаламызға оралайық, Біршама тыныстап, Жердегі, Байқоңырдағы Жұлдызаралық сапарларға кемелер ұшыру орталығындағыларға мән-жайды түсіндіріп, олармен де кеңесейік, - деді.


Ешкім қарсы сөз айтқан жоқ. Мән-жай түсінкіт болғандықтан бәрі де шлемдерінің маңдайшаларындағы термометр мен оттегі көлемін көрсететін өлшеуіштеріне бір-бір қарап алып, кейін қарай бұрылған. Енді өздерінің іздері де Шолпанның іздеріндей төбе үстіне түсіп қалып жатты. Құмды жерлердегі іздері анық. Ғарышкер-геологтар бұрғы қондырғыларына келіп жеткенде, олардың төбе қалқалары да тымырсықтан ысып, дабыл беретін шамдары жыпылық қағып тұрді. Бәрі өзді өзді бұрғы қондырғыларына барып, олардың жұмысжүйелерін тағы бір тексерді. Анау-мынау заттарын жинастырды. Кең тегісте енді ешқандай жұмыс жүрмегендей тыныштық орнаған. Өздерінің жұмыс жасағандарын тек бұрғылар ойған шұғқырлар ғана дәлеелдейтіндей. Шадыман


бұрғылардың тістері шұңқыр-шұңқырдан алынған бойда ол шұңқырлар бітеліп қалмауы үшін бір-бір құбыр қадап қоюды ұсынды.


Артынша бұрғылар қондырғылары жиырылып, әуе-ғарыш кемесіне айналды. Содан соң рет-ретмімен аспанға қарай қалықтай көтерілген. Шадыман бұрғы қондырғы кеменің дөңгелек терезесінен сыртқа қадала қарады да тұрды. Әдеттегісіндей өзінің жақтауы биің орындығына отырмады. Шолпан қызды іздеп табуға деген үміті де үзілер еме. Ғаламшар бетіндегі тау-тастардан, ойпаттар, жыралар мен қазаншұңқырлардан көз алмады. Бұрғы қондырғы кемені басқарып отырған ұшқыш-ғарышкер жігіттер де оны бірден Емшектауға қарай бұрмай, Кең тегістің аумағын айнала ұшырды. Басқа бұрғы қондырғы кемелердегілер де осындай күйді бастарынан кешіп жатты.


Содан соң ұшқыш-ғарышкерлер бұрғы қондырғы кемелерді Шадыманның ұсынысы бойынша Тырналардың ұшу мәнеріне көшірген. Егер Шолпан ғаламшары бетінде әлдекім жоғары қараса, шын мәнінде де бұлтты аспанда үшбұрыш жасай тізіле жылы жаққа қарай ұшып кетіп бара жатқан Тырналарды көз алдына елестетер еді. Бұрғы қондырғы кемедегілер қашан Емшектауға жеткенше Шолпан бетін бақылауын, сурет пен бейнекөріністерге түсірулерін тоқтатпады. Өкінішке орай, Шолпан да, басқа әлдекімдер де көзге түспеді. Бұл Шолпан қыздың шын мәнінде де жоғалғанының айқын белгісі еді.


Шадыман әлі де оған сенер емес, табудан күдерін үзер емес. Тік тұрған бойы дөңгелек терезеден сыртқа қадала қарап, ой-арманға берілгені сондай, кенеттен ғаламшар бетінде өздеріне қарай көмек сұрап Шолпанқыз жүгіріп келе жатқандай елес те


 


берген. Егер шын мәненде Шолпан табыла қалса, сол мезетте барлық бұрғы қондырғы кемелерді солай қарай бұрғызып, ғаламшар бетіне жылдам қондыруға дайын. Енді бірде екі қолының қос жұмырығын біріктіре қысып, маңдайын соғып-соғып та алады.


Қарауындағы екі зерек қыздың бірінен қапелімде айырылып, әлдекімдерге жетектетіп жібергені өзіне ешқашан кешірілмес күнә еді. Енді, тіпті, өзін «Осы мен бұрғы қондырғы кемемен Шолпан ғаламшары аспанында ұшып келе жатырмын-ау» деп те ойлайтын емес. Кеме кенеттен қандай да бір кілтипанға ұшырап, төмен қарай құлап жөнелсе де еш өкініші болмайтындай. Ондай кезде тек әріптестерінің өмірлері үшін жанталаспақ. Бірақ бұрғы қондырғы кеме селт еткен жоқ. Емшектауға да жақындап қалған. Шадыман енді әріптестерінің көңіл-күйлерін түсіре бермеу үшін кейін қарай бұрылды да:



  • Емшектауға келдік. Шамалы дамылдап, Жеріміздегі Байқоңырдағылармен кеңескен соң қайта ораламыз бұл аймаққа, - деді жай ғана.


Шадыманның бұл сөздері арнайы бейнебайланыс жүйелерінің дыбыс күшейткіштері арқылы басқа бұрғы қондырғы кемелердегілерге де анық естліп жатты. Бұрғы қондырғы кемелер тобы бірте-бірте төмендеп, Емшектаудың астындағы айқара ашылған үлкен қақпа арқылы рет-ретімен ішке ене берді.


 





Пікір жазу