Көрініске ілескен қыз
Бұрғылар қондырғыларынан шыққан бу қоюлана түсіп, найзағай жарқылдары жиілеп, жаңбыр нөсері күшейген сәтте де Шолпан қыз айнала-төңірекке қызытай қарап тұрған еді. Ол үлкен шыны үйге асыға кірген ғарышкер-геолгтар мен мамандардың кейбірінің:
- Шолпан, неге тұрсың? Тезірек үйшікке кірсейші. Найзағай жарқылы жиілеп, күннің күркіреуі күшейіп барады! Жаңбыр нөсері де басылар емес! - деген жанашырлық сөздерін де естіген.
Сонда да айнала-төңіректен осы сәтте бір жаңалық ашатындай тұра берген. Ал әдетте, мұндай жағдайда Шолпан шыны үйшікке өзгелерден бұрын еніп кететін. Соған көздері үйренген ғалымдар да, мамандар да осы жолы Шолпанға аса көңіл бөле қоймаған. «Қазір ішке кірер» деген оймен тоқталған.
Шолпан кенеттен көзеріне шалынған қарай қалай жүгіре жөнеліп, бұрғылар
қондырғылары тұрған орыннан қалай алыстап кеткенін де аңғармаған. Оған себеп, қарсы алдындағы үсті жайпақ келген төбе басында тұрған шағын ғарыш кемесінен шыққан екі сымбатты қазақ жігіттерінің өзін қол бұлғап шақыруы еді. Шолпан ішінен: «Бұл бір ғажап көрініс қой. Кімдер болы екен бұлар? Жақын барып көрейін. Бұрғы басындағы
әріптестерім мені ізімнен табар. Бейнебайланыс та орнар» деген оймен жүгіре берген.
Бірақ әлгілер жеткізер емес. Өзі жүгірген сайын ғаламшардың кі қыртысы мен аспаны бейнебір соларға қарай жылжып кетіп бара жатқандай алыстай берген. Шолпан алқынып та қалған. Қанша шыныққан қыз болса да, ғаламшардың елу градустық
тымырсық аптабы тұла бойын әлсіретіп те үлгерген. Комбинезонының тысытарындағы салқындатқыш жүйелердің де шамасы келер емес енді. Оның үстіне алқына жүгірген кезде организмінің оттегіні әдеттегіден мол қажет ететіні белгілі. Шолпан арқасына таңылған қос баллондағы оттегінің біршамасын жұтып үлгергенін де сезді. Қатты шөлдеп, еріндері кезере де бастаған. Сонда да әлгілерді қуып жетуден үмітін үзбеді.
«Кімдер екендерін жақыннан бір көрмей, тілдеспей кейін қайтпаймын» деген жігерлі үміт бойына қуат сыйлап, ілгері қарай жетелей түскен.
Енді бір кезде теп-тегіс болып көрінетін Кең тегіс ойпаттанып, ондағы бұрғы
қондырғыларының жоғарғы ұштары ғана көздеріне әзер шалынды. Осы кезде барып қыз өзінің одан көп ұзап кеткенін аңғарды. Сәл кідіріп тұрды да, кеудесіндегі бейнебайланыс құралы тақтасынан сол қолының сүйріктей ғана сұқ саусағының ұшымен бір түұймені нұқып:
- Шадыман Жасамысұрпағы! Мен Шолпанмын! Мына жақтағы төбе басынан шағын ғарыш кемесі мен екі қазақ жігіттерін көріп, олармен бір тілдесу үшін қуып кетіп барамын! Мені айыпқа бұйрмаңыздаршы! Тез ораламын! Күте тұрыңыздар! Келемін десңіздер мен
Кең тегістің оңтүстік-шығыс бағытта кетіп барамын! Тек Кең тегісте менің аяқ киімдерімнің табан іздері көмескі түседі. Сонда да таба аласыздар мені! – деп бейнехабар берді.
Бірақ бұрғы қондырғылары тұрған жақтан жауап бейнехабар келмеді. Содан қыз не істерін білмеген. Кейін қайтайын десе, талай жолды артқа тастады. Алды жағына қараса, әлгі шағын ғарыш кемесіне де, екі жігітке де жақындап қалғандай болады. Енді бір кезде Шолпан қатты ызаға булығып айғайлап та жібере жаздады. Көз шараларына тығылған мөлт-мөлт ыстық жасы екі самайынан төмен қарай жылжи ағып, шлемінің тыныс алар жеріне жиналуда. Оның үстіне тұла бойы терлеп кеткен. Шөлге шыдай алмаған қыз комбинезонының оң бүйіріндегі бір түймені оң қолының сұқ саусағымен сәл ғана нұқи қойды. Сол замат оның астыңғы тұсынан кішкене қақпақ ашылып, суы бар ыдыстың мойыны көрінді.
Шолпан оны тез суырып алып, ауызын бұрап ашып, салқын таза судан жұтып-жұтып жіберді. Егер тез ішпесе, мына тымырсық ыстықта су буға айнала бермек. Шолпан
ыдысты қайтадан өз орнына сұғып жіберіп, қақпағын жаабатын түймені нұқыды. Осыдан соң шамалы болса да әлденгендей болды. Ана көрінгендер әлі де ұстататын емес. Оны көрген Шолпан: «Бұлар немене өзі? Шын адамдар ма, әлде елес пе? Өстіп жүріп бірдемеге ұшыратйн шығармын-ау!» деп ойлап, кілт тоқтап, кейін бұрылып қарады.
Қанша алқынса да талай жолды кейінге қалдырыпты. Кең тегістің кшікене-кішкене төбелері де енді алыстан тұтастанып, қыратқа айналып кеткендей көрінеді.
Шолпан енді алдағыларға қадала қарады да, оларға жетуден күдерін үзгендей оң қолын бір сілтеп, келген жағына қарай бұрыла беріп еді, қандай да бір құпия күш жел итергендей алға қарай терте жөнелді. Шолпан ол жұмбақ күшке берлмеуге, есінен танып, көздерін жұмбауға тырысты. Қанша қыз бала болса да Шолпанның осындай қайсарлығы мен батылдығы бар еді. Осы қасиеті үшін де ғарышкер-геологтар өзін Шолпанды зерттеушелер құрамына алған. Сол сенімді ақтау үшін, «қорқақ» деген атқа ие болмауы үшін Шолпан айқай салған жоқ. Бейнебайланыс құралын іске қосып та әуре болмады.
Оған басты себеп, Шолпан табиғатының алғашқысынан да әрлене түскені. «Мұндай ғажайып табиғат аясына тап боламын» деп ойлап көріп пе, Шолпан. Тек кейде бар көрініс қосарланып, қатарланып кеткендей болады. Енді сонау кейінде, алыста қалған бұрғы қондырғылары да құбылып көрінеді. Тіпті, Кең тегістің өзін де кейде анық ажырата алмай қалады Шолпан.
Сөйтіп, әлгілердің құдіретті тартылыс өрісімен ілгері қарай жүре берген. Жаңағы қиналғаны да, тұла бойының терлеп, шөлдегені де басылды. Өзін Шолпан ғаламшарында емес, Жерде, елде келе жатқандай сезінді.
- Бұл өзі бір ғажайып табиғат аясы ғой, - деп күбірлей сөйледі Шолпан айналаға бұрыла қарап, - Кең тегісте қалған әріптестерім де осындай ортаға тап болса, онда мына Шолпанда жылдам өмір сүруге болады ғой ешбір комбинезонсыз! Онда ана қос Емшектаудың астындағы ұңғының да, ондағы қаланың да қажеті бола қоймас еді.
Осыдан оларға аман-есен оралсам, осы көрггендерімді түгел баяндар едім.
Енді кейін қайтуына жол жоқ. Бейтаныс қазақ жігіттері өзін құпия тартылыс өрісімен өздеріне қарай тартып әкетіп барады. Енді нені болса да бара көрмекші, Шолпан. Жүре- жүре алыстан шағын болып көрінген әлгі ғарыш кемесіне де таяған. Сол кезде оның
тепкешегінен өзі жолығуға асығып келе жатқан қазақтың екі сымабатты жігіттері кеменің тепкешегінен төмен қарай түсті. Үстеріне киген жеңіл, жұп-жұқа комбинезондары Шолпан табиғатындағы түстермен үйлесім тапқан. Жас қыз олардың осы Шолпан ғаламшарының
аптапты ыстығын қалай жойып, қалай осындай жайлы ауа райына өгерткендерін түсіне алмады.
Егер өзі дәл сондай жұп-жұқа комбинезон киген болса, аптапты ыстыққа шыдай алмай, терлеп-тепшіп, жүре де алмай қалар еді. Өзі киген қалың комбинезонның ішкі тыстарында салқындатқыш жүйелер, бүйіріндегі ыдыста су бар. Соның өзінде де өзі алқынып, терлеп, шөлдеп қөалған. Енді жағдайы мүлдем өзгерді. Жігіттер сияқты жғңіл қозғалатын күйге жетті.
- Қош келдіңіз, - деп екі жігіт оң қолдарын кеуделерінің сол жақ тұсіне апарып, сәл иіліп сәлем берді.
- Сәлеметсіздер, - деді Шолпан екеуіне кезек-кезек қарап қойып.
Екі жігіт Шолпанның екі жағына шығып, ғарыш кемесінің кең тепкешегімен жоғары көтерілуін өтінді. Шолпан аң таң болып тұрып қалған. Жігіттің денелісі:
- Неге кідіріп қалдыңыз, мініңіз біздің кемеге, деді жай ғана.
- Мен ешқайда бармаймын! Мен сіздерді жақыннан осылай бір көру үшін келдім. Енді кейін қайтуым керек!
- Сіз енді кейін қайта алмайсыз! - деді екінші жігіт.
-Неге?
- Сіз келген Кең тегіс өзгеріп кетті!
- Өзгеріп кеткені қалай? - деп Шолпан кейін бұрылған.
Расында да түсініксіз көрініс. Өзі келген Кең тегіске мүлдем ұқсамайды. Шолпан олай да айналып қарады, былай да айналып қарады. Ештемені түсіне алар емес. Көз шарасына ыстық жас та үйіріле бастаған. Тек онысын екі бейтаныс жігітке сездірмеді.Сол кезде денелі жігіт:
- Сіз енді біздің кемемізбен ауылымызға барасыз. Көп нәрсені көресіз, түсінесіз. Содан осң Кең тегіске қайта оараласыз, деді жай ғана сөйлеп.
- Мен бәрін де көріп тұрмын, бәрін де түсініп тұрмын, - деді Шолпан, - тек Кең тегісте менің Айман есімді құбым, әріптес ағларым қалды ғой.
- Олар әзірге сізді таба алмайды. Ренжімеңіз. Бізбен жүріңіз. Еш бөтенсімеңіз бізді. Екеуміз де қазақтың қара балаларымыз.
Шолпан не жауап берерін білмеді. Бар болғаны әлі де үмітін іздей айналтөңректі айнала қараумен болды. Әлі де ештемені түсінер емес. Енді өзінің қайтуына мүмкіндік туғанда да Кең тегісті таба алмақ емес. Шамалы ойланып барып екі жігітке қараған. Ол екеуі жақындай түсіп, ғарыш кемесінің кең тепкешегін мегзеді. Қыз амалсыздан
тепкешекпен жоғары көтеріліп, кеме ішіне кірді. Табалдырығын аттаған бойда есік
алдында кідіріп тұрып қалған. Сыртынан шағын ғарыш кемесі болып көрінгенмен ішкі жағы даладай кең екен. Жатқан бір кеңістік десе де болғандай. Айнала қабырғаларда жұлызды әлемнің анық етіліп түсірілген суреттері. Шолпан бар дүниені ұмытқандай ол суреттерден көз алмайды. Іштегі көптеген күрделі құралдар мен олардың тынымсыз жыпылықтап тұрған түрлі түсті шамдары саналы адам өркениетіне тән болғандықтан Шолпан өзін еркін
ұстай бастады. Өзіне қол ұшын созған екі қазақ жігітінің жүздерін шолды бота көздерімен. Екеуінің де жүріс-тұрыстары, қазақ тілінде таза сөйлеу мәдениеттері ұлтқа тән екен.
- Жігіттер, сіздер қайдан келдіңіздер ме? – деді Шолпан көз алдарында кенет пайда болып, орныға қалған дөңгелек үстелдің жанындағы үш жұмсақ, жақтаулары биік
орындықтардығң олар ұсынғанына жай ғана отыра беріп.
Қалған екі орындыққа отыра-отыра кеткене екі жігіт бір біріне сәл жымия қарапсып қойды. Содан соң бойы сәл бмиіктеу, денелісі жай ғана:
- Әрине, Жерден, елден, - деді.
- Қай ауылдансыздар?
- Айдарлы ауылынанбыз, - деді екінші жігіт.
- Ал мен Ұйымшыл ауылынанмын.
- Енді, танысайық. Менің есімім Абзал. Мамандығым физик, - деді денелі жігіт.
- Мен Алтынбекпін. Математикпін, - деді екінші жігіт Шолпанға жымия қарап.
- Ал мен Шолпанмын. Ғарышкер-геологпын.
- Білеміз, - деді Абзал қызға сәл ойлана қарап.
- Қайдан білесіздер?
- Шолпанды кім білмейді?
- мұнда жай келдіңіздер ме?
- Шолпан табиғаты Жеріміздің табиғатына ұқсап келеді емес пе? Соған байланысты ауылымызды осы Шолпанға көшіріп әкелгенбіз.
- Қалай? – деп Шолпан екі жігітке таңдана қарады.
- Оны түсіндіру аз ғана уақыттың үлесіндегі әңгіме емес. Оны өз көзіңізбен көргеніңіз жөн, Шолпан.
- Түсіндім. . Ал айтыңыздаршы, мені не үшін шақырдыңыздар маұнда?
- Біз сізді шақырған жоқпыз, - деді Абзал сөзді әзілге айналдырғысы келгендей.
- Иә, айтпақшы, солай екен ғой, - деді Шолпан ол әзілін түсніе қойып, - мен өзім.
Екеуіңізбен осылай жақын жүздесіп, сыр бөлісу үшін өзім.
- Ендеше, сол арманыңыз орындалды! – деді Абзал Шолпанға жымия қарап.
- Дұрыс айтасыз, орындалды. Енді мен келген жағыма оралуым керек.
- Ол әзірге мүмкін емес.
- Мүмкін емесі қалай?! – деп Шолпан елең ете қалды. – мен сіздердің кімдер екендеріңізді. Нендей мақсатпен мұнда жүргендеріңізді анықтау үшін келдім. Енді анықтадым. Қайтуым керек, өз ортама.
- Ол түсінікті, Шолпан, - деді Абзал қызға қадала қарап, - енд аулымызды көруіңіз керек қой.
- Қойыңыздаршы, - деді Шолпан жігіттердің сөздеріне әлі де сеніңкіремей, - тұтастай бір ауылды қалай көшуоуш сонау Жер ғаламшарынан мына Шолпанға қалай көшіруге болады аз ғана уақыттың ішінде
- Сіз бізге әлі де сенбей отырсыз ба, Шолпан? – деп сөзге араласты осы кезде Алтынбек.
- Әрине, - деді Шолпан, - мен ғарышкер-геолог ретінде ондай құпия әрекетті көз алдыма елестете алмаймын.
- Оныңызды түсінемін, - деді Абзал бөлме ішіндегі тынымсыз ызылдап тұрған күрдел құралдарға көңіл бөліп қойып, - сол үшін бізбен бірге болыңыз.
- Онда сіздер менің әріптестеріммен хабарласып, рұқсат алыңыздар.
- Сіздердің бейнебайланыс құралдарыңыздың тоқындары мен біздің бейнебайланыс құралдарымыздың толқындары сәйкес келмейді. Сондықтан олармен хабарласа алмаймыз. Біздің ауылды көріп, мән-жайды білген соң сізді келген жеріңізге жеткізіп саламыз, - деді Абзал әлдеқайда асыққан адамдай іштегі күрелді құралдарға тағы да көз жүгіртіп.
Соның артынша үшеуі отырған орындықтардың бүйірлеріненжалпақ белдіктер шығып, белдірн орай қойды. Шолпан қапелімде ештемені түсіне алмады. Күрделі құралдардың ызыңы күшейіп, ғарыш кемесі айналып-төңкеріліп қозғалғандай болды.
Шолпанды жалпақ белдік қозғалтпай ұстап қалған. Шолпан сәл есін жиып, көздерін ашып, кеме терезесінен сыртқа қаорағанда ол әп-сәтте үлкен жазыққа құлдилай ұшып бара жатты. Төңіректен басқа ғарыш кемелері көзге шалынбады. Шолпан кеме терезесінен сыртқа қараумен болды. Ғарыш кемесінің Шолпан ғаламшарынң қай ендігі мен
бойлығында ұшып келе жатқанын анықтай алмады. Тек Шолпан ғаламшарының осы кең жазығында екі жігіт айтақан ауылды көрді.
Шолпан шыдамдылық танытты. Үнісз отырып, көз алдындағының бәрін де анықтап көріп, біліп алуға тырысты. Шамалдыдан соң өзін бағанадан бақылап, қадағалап отырған Абзалға бұрыла қарады да:
- Абзал, айтыңызшы, сіздер бұл Шолпанды қай кезден бері зерттеп келесіздер? – деді сәл батылданып.
- Баяғыдан. Ал ата-бабаларымыз бұл Шолпанды ерте заманнан жақсы білді емес пе, ғарыш кемесімен ұшып келмесе де, - деді Абзал, - ал ең ғажабы, бұл ғаламшарды сұлу қызға балап Шолпан деп атаған. Енді сол қыз Шолпан мына өзіңіз!
- Қойңыздаршы, - деп Шолпан ыңғайсыздана жымиды.
- Солай, дәл солай! – деп Алтынбек Абзалды демеп қойды.
Абзал қарсы алдындағы дөңгелек келген терезеден сыртқа қадалды. Осы кезде ғарыш кемесі ғажайып табиғаттың үстімен баяу ұшты. Шолпан оған қызыға қарап отырды. Енді қандай әрекет жасаса да ештеме шықпайтынын іштей түсінді.
Әріптестерімен бейнебайланыс болса да жоқ. Енді маңдайына жазғанын көрмек жас қыз. Іштей сабыр сақтап, тып-тыныш отырды. Кең жазық көз тартып, көңілін жадыратып та
келеді. Ғарыш кемесі үлкен ауылдың биік үстінен бір емес, бірнеше рет айналып ұшты. Ауыл үйлерінің бәрі де қазақтың ежелгі құрамалы киіз үйлеріне ұқсаған. Сонымен бірге олардың бәрі де кез келген сәтте әуе кемесіне айналып, орын ауыстыруға бейім етіліп жасалған екен. Шолпан оны бірден түсінді.
Ауылдың бұл кең жазыққа жақында ғана қоныстанғаны анық байқалады. Айналасында таулар бар. Жазықта жасыл өсімдіктер мен нешетүрлі, хош иісті гүлдер өскен. Оның бәрі де Шолпанның көңіл-күйін көтере түсті. «Бұл өзі Жердегі ауыл ма, әлде осы Шолпандағы ауыл ма» деген де ой туды Шолпан қызға. Айнала-төңірек өзіне таныс емес. Енді өзін ғарыш кемесін жазыққа қондырып, «Ал енді әріптестеріңізге бара беріңіз» десе, Шолпан қалай қарай жүрерін де, қайда барарын да білмей тұрып қалған болар еді. Соны түсінген қыз екі жігіттің ғарыш кемесін бақсрауларындағы шебер әрекеттерін бақылаумен шектелді. Олардың өзін бұл ауылға не үшін әкеле жатқанын толық түсіне алмады.
Жігттердің айтқан сөздеріне әлі де толық сене алған жоқ.
Енді біршама уақыт өткенде ғарыш кемесінің ұшу жылдамдығы кілт тежеле беріп, ауыл шетіндегі жазыққа қонды. Осыншама жылдам ұшып келе жатқан ғарыш кемесін тез тежеуді Шолпан басынан кешіріп көрген емес. Екі жігіт ғарыш кемесінің құлағындай ойнайды екен. Кеме қозғалтқыштарының үні сөнген соң шыны есік жайымен ашылды. Екі жігіт отырған орындарынан жайымен ғана тұрып, шағын тепкешекпен жазыққа түсті.
Содан соң Шолпанның сыртқа шығуын өтінген. Қыз үндеген жоқ. Жайымен тұрып,
тепкешектің екі жағынан қолдарын созған екі жігітке кезек-кезек қарап, жазыққа аяқ басты. Қарсы алдарында үлкен киіз үй пайда болыпты. Оған қарай енді келген, қазақы ою-өрнек салынған кілем-жолша төселіпті. Шолпан екі жағындағы екі жігіттің ортасында мәртебелі меймандай болып келеді. Өзіне деген құрмет шексіз екен. Бұлардың ғарыш кемесіне алғаш мінгенде, нешетүрлі ойға кетіп, ішей қатты сескенген де болатын.
Енді кәдімгідей еркінсіп қалған. «Бұл ауылда өмірлікке қала қомймаспын. Қайтарар мені әріптестеріме» деген үмітті ой да өзін демегендей.Екі жігіт екі жағында. Сәлден соң қазақы киінген жас жігіт пайда болып, оң қолының алақанын жүрек тұсына апарып, басын сәл ие амандасып, жол көрсету үшін алдарына түскен. Шолпан енді өзін, тіпті, арнайы ресми сапармен келген бір елдің басшысындай сезініп те кетті. Бірақ сонда да бұлардың неге осыншама құрметтейтіндерінің мәнісін сұрамады. Сұрағысы да келмеген. Бар ішкі ойы: «Бұл ғажайып жұмбақтың сырын ашуда» болды. Сөйтіп, үлкен киіз үйге де кірген.
Киіз үй табалдырығын аттап кірген бойда өздерін қазақы желет киген, ұқыппен сақал- мұрт қойған жас жігіттер мен ұзын көйлек, қамзол киген жас қыздар жылы қарсы алып, төрге шақырды. Шолпан сырты мен іші қазықтың нешетүрлі ою-өрнектерімен безендірілген киіз үйге таңдана қараумен болды. Сәлден соң өзінің үстіндегі сырты жалтыр комбинезонына қарап іштей ыңғайсыздана бастады. Бірақ іштегілер Шолпанның ғарыш сапарында жүргенін, сол бсепті осылай киінгенін түсінді. Шолпан жан-жағына қарайлай-қарайлай төрге қарай жүре берген. Алдарындағы жол бастап келе жатқан жас жігіт анда-санда сәл кідіріп, Шолпанға киіз үйдің құрылымы мен көшпенділікке
қаншалықты лайқталғандығын мәденетті түрде жай қоңыр дауысымен түсіндіріп қояды. Шолпан да басын изейді. Тек кейде Жердегі, елдегі, ауылындағы еркелігіне салып, мінезін байқатып алады. Сөйтеді де, өзінің де қазақтың бір қарлығаш қызы екенін есіне алып, қателікке бармауға тырысады.
Шолпан Жерде, елде жүргенде өзге ұлттың тілі мен дәстүрлеріне көп еліктеген болатын. Бірақ қанша еліктесе де өз ұлтының қасиеті осылай тартып тұрады екен.
Шолпан ғаламшарына келіп, тап осындай қазақы ауылға тап болғанына шексіз қуанды жас
қыз. Киіз үйдің кең төріне жақындағанда бастап келе жатқан жас жігіт шетке қарай
бұрылып, қарсы алдарынан екі кісі шығып, оң қолдарының алақандарын жүрек тұстарына апара сәл бастарын ие амандасты. Шолпан да ол кісілерге қызға тән сәлемін берді.
Содан соң төрге жақындаған. Төрде малдас құрған денелі, сақалы ағарған, көздері шүңірейген үлкен кісі отыр. Шолпан ол кісімен қызындай иіле амандасты. Оның осы ауылдың ақсақалы екенін іштей түсінді. Ол Шолпанның жанына отыруын өтінді.
Шолпан осы сәтке дейін: «Осындай ерекше құрметке бөленемін. Киіз үйге кіріп, төрден орын аламын» деп еш ойламаған. Енді өз көзіне өзі сенер емес. Ақсақал белгі берісімен әп-сәтте дөңгелек ағаш үстел-дастархан қойлды ортағға. Іштегі жас жігіттер мен қыздар зыр жүгіріп, оның үстін түрлі дәмге толтырды. Шолпан тағы да ыңғайсызданған сыңай танытты. Бірақ жанындағы кісілер мен жас жігіттер, қыздар айнала қоршай отырған соң өзін еркін ұстады. Бәрі дәмнен шамалы алған соң Абзал жайымен сөзін бастады.
- Жердегі, елдегі ауылдарды осы Шолпан ғаламшарына рет-ретімен көшіріп, қоныстандыру мақсатында жазық таңдап жүргенімізде мына Шолпан есімді қызға тап болдық, - деді ол ақсақалға бұрыла қарап отырып, - сөйтіп, осында алып келуді жөн
санадық. Бұл қыз жалғыз емес, Кең тегісте ғаламшар қыртысын бұрғы-қондырғыларымен бұрғылап, қазба байлық іздеп жүрген, су шығарып жүрген әрптестері бар. Шолпан Жердегі, елдегі бізге көрші Ұймшыл ауылынан болып шықты. Шолпанды табиғат көрінісі мен өзімізді құбылтып көрсету арқылы баурап алдық. Ендігі шешіміңіз өзіңізде.
Ақсақал басын сәл көтеріп, жүзін Шолпанға қаратып алды. Шолпан ақасақадың шүңірейген өткір көздерінен тайсалғандай сәл бір қырын бұрылды. Ақсақал малдас құрған аяқтарын сәл екіге жазып, сәл шалқайып барып оң қолының сұқ саусағымен маңдайын сипады. Екі көзін тарс жұмып, бір сәт ойға батты. Содан соң ол ой тұңғиығынан селт
оянғандай көздерін ашып алып, былай деді.
- Қызым, қош келіпсің. Ешқайсысымды бөтенсіме. Біз қандас қазақпыз. Бір Жерде, бір елден, елдегі көрші ауылдас екенбіз. Ауылымызды мына Абзал бастаған ғалымдар тобы жасаған ғаламат жарық жұтқыш арқылы жақында осында көшірген. Енді өзің осында бол. Көп нәрсені көріп түсінесің.
- Мен мұнда көп уақыт бола алмаймын, ата! – деді Шолпан елең етіп, - жаңа абазал айтақандай, Кең тегісте әрптестерім қалды. Соларға оралуым керек.
- Ол әріптестерің іздегенімен бізсіз таба алмайды сені, қызым, - деді ақсақал
Шолпанға көз қиығын тастай қарап, - сен енді біздің ауылдың бір адамысың. Ауылымызда барлық жағдай бар. Жеке киіз үйің болады. Еркін жүресің.
- Мен мұнда қала алмаймын, ата! – деді Шолпан онан сайын шошынып, - менің сіздерге, бұл елге не қажетім бар?
- Сен қазақтың ақылды, инабатты, білімді, ұлттық салт-дәстүрді жақсы білетін қызсың.
Сондықтан осында бола тұрасың. Мұнда өмір бойы қалмайсың, ораласың.
- Сонда мен қашан ораламын өз ортама, ата?
- Оны өзім айтамын қызым.
Шолпан іштей тығылып, жыламрманға келсе де, үлкен кісінің алдында шалт мінез көрсетпеуге тырысты. Қазақтың даналық салт-дәстүрінде үлкен адам ақыл айтқанда ұл болсын, қыз болсын қарсы келмей тақ тұрады. Үлкеннің алдын кесіп өтпейді, үлкеннің
сөзін жерге тастамйды. Шолпан осы даналық дәстүрді ойына алған. «Неде болса, аяғына дейін шыдап көрейін» деген тұжырымға келді іштей. Тек «Жарайды, ата, осында қала берейін» деген нақты жауабын айтқан жоқ. Өзіне демеу болғаны ақсақалдың: «Мұнда өмір бойы қалмайсың» деген сөзі . Бір жағынан ақыры келген соң бұл ауыл мен
тұрғындарын мүмкіндігінше зерттеп алмақ ойға да келген. Үндемей, сәл төмен қарап отырды. Ақсақал демін терең алып, өзіне қадала қарады да:
- Шолпан қарағым, шешім осы. Енді өзіңе арнайы тігілген киіз үйге барып демал, тамақтан. Мына Абзал мен Алтынбек апарып салады. Орналастырады. Бар жақсылықты тілеймін, - деп батасын берді.
Шолпан тіл қатпастан басын жай ғана изеп, орнынан тұрды. Айнала-төңірегіне жиналып қалған үлкен-кішілерге көз қадап қарамады. Абзал мен Алтынбек те
орындарынан тұрып өзіне жақандай берген. Үшеуі кілем-жолша үстімен сыртқа қарай бет алды. Алдарында бір жігіт, соңдарында бір жігіт жүрді. Сыртқа шыққан соң үшеуі осы аз ғана уақыттың ішінде тгіліп қойылған ақшаңқай түсті, қазаықы ою-өрнекті киіз үйге
жақындай берді.