24.02.2022
150
Оянды қала
Әнін жазған Ғалым Есімбергенов
Таңғажайып таңғы қала?
Таңғы қала – сәнді қала,
Бар тіршілік қозғалыста,
Оянған жанды қала.
Бұл – арман қала,
Ән болған қала.
Қайырмасы:
Оянды қала арайлана,
Боянды нұрға бар айнала.
Таңданбайсың сен қалай ғана?
Көркіне қарай қала?
Оянды қала нұр айналып,
Жарым да менің шырайланып,
Құлпырды әлем мың айналып,
Бәрі де ұнай қалып.
Аяулы жан, ақылдасым,
Баға жетпес асыл басың,
Бар жақсының басындасың,
Қашанда қасымдасың.
Сен – іңкәрімсің,
Сен – сұңқарымсың.
Қандай ғажап ғашық болу,
Сыр пернесін басып көру.
Толқып тұрған сезіміңді
Тау суындай тасып-төгу.