24.02.2022
  800


Автор: Рүстем Қайыртайұлы

Туған күнге тілек

Қаратаудай сабырлы,
Алатаудай қадірлі.
Теңселмейтін дауылға,
Бәйтеректей тамырлы.
_
Бір дәуірдің аңызы,
Бірбеткейлік - рәмізі.
Алты құрлық сыйлайтын,
Алты алаштың абызы!
_
Образ жасап не түрлі,
Мұзбалақтай жетілді.
Кино менен театр,
Қос қанаты секілді.
_
83 жас жасаған,
Асан ата - Асағам!
Бағдат әпкем әлпештеп,
Бауыр бүтін, бас аман,
Кіші Асанның тойына,
Жеткізсе екен Жасаған!
Туған күніңізбен, 





Пікір жазу