24.02.2022
187
Абай 175 жыл
Дүниені біздің қазақ бес күн дейді,
Сәт кешіксең еккенің кеш гүлдейді.
Құр тілмен қулық сауған пенделерді,
Абай қалай керемет кескіндейді.
Алты ұрпақ ауысқанмен содан бері,
Қоғамның өзгерді ме кеспір, бейілі?
Барлық малын шығындап болыс болсам,
Дегендер әлі ешкімді ілестірмейді.
Терін сатпай, телміріп көзін сатқан
Әсемпаз өнерпаз боп өстім дейді.
Әлдекім әлі күнге итін баптап,
Жаны аяулы жақсыға қостым дейді
Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар
Қашқындар қазаққа өзін доспын дейді.
Өтірік пен өсекті жүндей сабап,
Желіде жұрт бір бірін бос тілдейді.
“Баяғы жартас” әлі сол жартас-ау,
Жаңғырықтан басқа дым естілмейді.
Асқар Сүлейменовтің сөзін айтсам
Астарына жасырған кескінді ойды.
Қалың ел, қазағына ес кірмесе,
Абай да ешқашанда ескірмейді!