24.02.2022
173
Абай 175
...Ол жайлы жасасаң да не түрлі дау,
Елді жеуге үйренді етің мынау.
Етті ауыртпай, еппенен мал тапқыштың
Кесірінен күрек тістей кетілдік-ау.
Әсіресе әскер мен медицина,
Батпаққа әбден батқан секілді ме-ау.
Ескіні жаңартқанның орынына,
Кескінін одан сайын кетірдік-ау.
Шетелдің ескі-құсқы сомолетын,
Айдайтын абыройсыз шопырмыз-ау.
Осы бізден он танкі шығар ма екен,
Аяқ асты басса егер шетіңді жау.
Көз қысты, бармақ басты кесірінен
Дами алмай омалып отырмыз-ау.
Дамымай жатқаныңа жалғыз себеп:
Сметаны тексергенде соқырмыз-ау.
Жобаға енетіні - семіз өгіз,
Қораға келетіні - қотыр бұзау.