24.02.2022
  499


Автор: Дәулеткерей Кәпұлы

ӘБІЛҚАЙЫР СЫЗДЫҚОВ ПЕН ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ айтысы

Әбілқайыр:
??????? ???? ?? ????? ????????,
?????? ???? ??????? ?? ?????.
???? ????? ????????? ???????,
???????? ??? ?? ????? ????????.
?????-????? ?????? ????? ?????,
???? ????? ???????? ???????.
?? ???? ?????????, ??????????
??? ?? ??? ?????? ???????.
???? ????? ??????? ???????,
?????? ????? ???? ?????? ???!
??????? ????? ????? ?????????,
??????? ??????? ??? ????? ???.
???????? ????? ???? ?????????
?????????? ????? ??? ??? ???? ???.
???????, ?????, ?????, ?????????
??????? ?? ?????? ??? ??????.
????????, ????????? ??? ?? ????????
??????? ???????? ?????? ????.
????????, ??????,
?????????? ??? ???? ?????? ???.
???????, ???????? ??? ??????????
???????? ????? ?????, ??????, ???.
??????? ?????????? ??????????,
????? ?????, ??????? ?????????.
??????? ????? Сүңгиін тағы да ойдың тереңіне,
Жырдан шашу шашайын өр еліме.
Сәті түсіп кездестік сахнада,
Қанықпын мен де сенің көлеміңе.
Талай-талай додада топты жарып,
Елді тәнті еткенсің өлеңіңе.
Ал енді арқаланып, көрерменді
Мен де куә етейін өнеріме.
Елді тәнті етпесем өнеріме,
Үстіме шапан киіп керегі не?!
Тарихта тамыр талай бұлқынады,
Өткенін ұмытқан жоқ ұлтым әлі.
Қазақтың небір дана көсемдері
Санамыздан өшкен жоқ бұл күні әлі.
Жәнібек, Керей, Тәуке, Абылайдың
Ерлігін ел ерекше пір тұтады.
Қабанбай, Наурызбай мен ер Бөгенбай
Ұрпаққа ұлағатты ұлттың бағы.
Кенесары, Исатай, Махамбеттің
Батырлығын сөз етер жұртым әлі.
Жанқожа, Бұқарбай мен Мұстафалар
Мыңдаған ғасыр жасар, мүмкін, әлі.
Ойласам бабалардың батырлығын,
Қаным қызып, жүрегім жұлқынады.
Өйткені батыр қанды қазақ қана
Жалаңтөс Баһадүрдей ұл туады.
Онан да әрі тізбелеп,
Бабаларымды жырласам,
Таңға таңды атырар.
Ерлікке толы ен далам –
Тарихта әлі қаншама
Хандар, билердің аты бар.
Дәулеткерей, білерсің,
Сөз саптаған салмақты
Шешендер өткен неше дүр.
Көш бастаған ардақты
Көсемдер өткен неше дүр.
Қалдырған бізде хаты бар
Төле, Қазыбек, Әйтеке –
Үш жүзден шыққан үш төрем,
Бірлікке елді шақырар.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет –
Арыстарым да қаншама
Жүректерінде оты бар.
Бергісі өткен кешегі
Желтоқсандағы Қайраттар.
Азаттығы үшін елімнің,
Бостандығы үшін жерімнің,
Демеп пе ед, атсаң, атыңдар.
Дәулеткерей, сондықтан
Қаймықпа, досым, қаймықпа,
Қазақпын деп қасқайып,
Мақтануға да хақың бар.
Осындай күн туғанда,
Барыңды салып ортаға,
Ақтаруға да хақың бар.
Әбілқайырмен айтысып,
Шаттануға да хақың бар.
Дәулеткерей:
Армысың, дүбірлетіп жатқан дала,
Тәубе айтқан тәуелсіздік ақ таңға да.
Құдайдың бергеніне тәуба дейін,
Осындай бақ пен ырыс хақтан ғана.
Батырлардың ерлігін ерен айтып,
Қазақ боп туғанына мақтанды аға.
Сыр елінің жүйрігі Әбілқайыр –
Көркем кілем жабылған мақпал қара.
Басыңды әрі сілкіп, бері сілкіп,
Танбайсың жүрісіңнен шапқанда да.
Қақшиып қоян жұтқан қаршығадай
Қасыма қайдан келдің, қатқан қара?!
Қашаннан қасқыр намыс, қаншыл қазақ,
Тәуелсіз тұғырыңда барсың ба азат?!
Асылға өткен-кеткен басыңды иіп,
Ғасырға жеткендейін дауысың ғажап.
Тәуелсіздік тойыңмен құттықтауда,
Ақындар алқаңыздан жарқын сөз ап.
Әбеке, көргеніме разымын,
Пиғылым жоқ өзіңе салқын да жат.
Тақтағы хан, таптағы биді еңкейткен
Ақындар айыр көмей, қаусырма жақ.
Тәуелсіздік тойларың құтты болып,
Бағың өсіп, бақытың жансын, қазақ.
Төбеңде төңкерілген көркің аспан,
Көркіне асқаралы бөркі ұнасқан.
Жалаңтөс Баһадүрдің тойындамыз,
Найзалы намысына серті ұласқан.
Қазақтың небір шешен, көсемдері
Арқасында заманның дерті қашқан.
Сол бабалар ерлігін біз жырлармыз,
Тұранның тұғырынан толқыны асқан.
Осы батыр бабалар баяғыдан
Азаттықтың түңлігін желпіп ашқан!
Айналдым өзіңіздей талапты ерден,
Қырандай қия көкте қанат керген.
Қазақтың әр жерінде туған батыр,
Шекараға найзасын қадап келген.
Менің де қарсыласым Әбілқайыр
Сол батырлар аруағын мадақ көрген,
Төкпеге салып алып ентігесің,
Батырдай қарсыласқа жауап берген.
Арындап шабуыңда бір сыр бар ғой,
Сығанның аттарындай арақ берген.
Әбілқайыр:
Манап ақын жырлаған жырдан келгем,
Қаратауды жайлаған қырдан келгем.
Дейсің бе қатқан қара қайдан келді,
Тәуелсіз аспанына нұрдан келгем.
Дәл осылай баптаған ақын етіп,
Мынау отқан қалың ел Сырдан келгем.
Сенің де мерейіңді ел өсіреді,
Демегін, сөз айтудан кешігеді.
Сырда туып, Сырда өскен ақын едім,
Осындай жаратқан мол несібелі.
Тәуелсіздік тойына келгеннен соң
Әбілқайыр осылай шешіледі.
Бауырым, біле-білсең, Сырда туған
Сүлейлер дәл осылай көсіледі.
Көсіліп Дәулеткерей шапқан дара,
Қара деп бізге айып таққан бала.
Дес бермей айтыс атты аламанда,
Талайды жолдарынан қаққан бала.
Бұл күнде алты алашқа мәлім болып,
Аты кеңге жайылып жатқан бала.
Сен мені дейсің және қатқан қара,
Дәулеткерей, дәл бұлай шаттан дара.
Қаралардың жүрегі ақ болады,
Сондықтан бізге қарай аттандама.
Он жерден қатқан қара десең дағы,
Көкеңді көрсетеді қатқан қара.
Дәулеткерей, күндеме текке мені,
Артық кетсем және айып етпе мені.
Аламанға Алла деп шыққаннан соң,
Дұрыс қой балуанның беттегені.
Ендеше, бұл доданы қыздырайық,
Десін халық «осы еді жетпегені».
Егер де сөз айта алмай біз кідірсек,
Шынымен екеумізді ел жек көреді.
Ал енді қараңа да жауап айтам,
Жөн болды-ау бізге мұның беттегені.
Мысалы, қара мұнай, қара көмір
Халыққа құт-несібе деп келеді.
Кешегі қуғын-сүргін аштықта елді
Қара нан ғой сақтаған деп келеді.
Мысалы, қара қазан оттан түспей,
Несібесін бар халық жеп келеді.
Сондықтан, өзің айтшы, мен секілді
Қараны қандай халық жек көреді?
Бар мұсылман баласы басын иген
Қара ғой қағбамыз да Меккедегі.
Мен бүгін сөз сөйлемей қала алам ба,
Өзіңменен түскен соң аламанға.
Ендеше, Дәулеткерей, сен де отырсың,
Дегендей саған қамшы сала алам ба.
Бірге дейін айтысты көріп отқан
Ғажайып дәл мынадай дала барда.
Дәулеткерей, өзің де ойлап көрші,
Мұндайда мен үндемей қала алам ба?
Өлеңнің біз айтайық ақ-қарасын,
Халықтың өзі солай баптағасын.
Дәулеткерей, менімен жұптасқан соң
Әрине, масайрайсың, мақтанасың.
Ел-жұртты бір серпілтіп тастайықшы,
Не керек осындайда шаппағасын?!
Дәулеткерей:
Алла деп сөз алғасын аттап төрден,
Халық бар бір өзіңді жақтап келген.
Әбілқайыр досымнан айналайын,
Қаралық қасиетті мақтап көрген.
Қайдан келдің дегенім күмән емес,
Әншейін сауалым ед шақтап берген.
Залда отырған халқымнан айналайын,
Сүлейлердің тұқымын сақтап келген.
Сөзіңді Дәулеткерей пайымдасын,
Айтыстың шаршы алаңы жайылғасын.
Қара мұнай, қара нан қасиет деп,
Қасиетті Әбекең уайымдасын.
Қаралықты жек көріп отырғам жоқ,
Оны да Әбілқайыр мойындасын.
Нанды басып, Құранды алмас еді
Мұсылманның баласы тойынғасын.
Қара мұнай, қара нан қасиеттен
Ұрпағың ұлан-ғайыр жайылғасын.
Ендеше, Құдай берген құндылықтан
Шенеуніктер ешқашан айырмасын.
Ал, халқым, енді сөйлейін,
Қазақстан – байтақ ел,
Бақытын тапқан байрақтан.
Әбілқайырдай ақынды
Сырдың елі емес пе
Бұлбұлдай қылып сайратқан!
Халқыңнан мынау айналдым
Қазанын жырдың қайнатқан.
Жалаңтөс бабам тойында,
«Жорға бие сойдырып,
Жоғарғы елді шақырып,
Төбел бие сойдырып,
Төменгі елді шақырып»,
Алты алашқа тойлатқан.
Құдіреті ғой Алланың,
Жалаңтөс баһадүрлер де
Төбесіне жауының
Алдаспанын ойнатқан.
Әбілқайырдай ақының,
Айтыс айтыс болғасын,
Қарсыласқа келгенде
Қызыл да тілін сайлатқан.
Қазағымды, Құдайым,
Осындай бақтан айырма,
Бабаның тойын тойлатқан.
Шыңдарына шаң жұқпас,
Өр Алтай – алып сандықтас,
Туған жер, мекен-тұрағым.
Топырағынан таққаным –
Мойныма құтты тұмарым.
Әбілқайырмен айтысып,
Өлеңнің айтып құнарын,
Қандырсам елдің құмарын.
Мен тобан аяқ торы емес,
Құлан аяқ құламын.
Айналайын Әбеке,
Аянбай сен де шабарсың,
Айтатын сөзді табарсың,
Шойнақтап қалсаң ере алмай,
Ойнақтап өте шығамын.
Әбілқайыр:
Дәулеткерей айтқандай,
Алдарыңда арқырап,
Жұлдыздай болып жарқырап,
Қырандай қанат қағайын.
Қолдау берсең, ағайын,
Жұлдызыңдай жанайын.
Домбыра қолға алайын.
Көсіліп мен де, ендеше,
Асқақ әнге салайын.
Дәулеткерейдің көзінше
Үндемей қалай қалайын?!
Қос ақынды осылай
Көтеріп отыр, ағайын.
Тәуелсіз елміз біз бүгін,
Қолына алып тізгінін,
Басына қонған дара бақ.
Дамып келе жатырмыз,
Алпауыт елді аралап.
Шығыс пенен батыста,
Ресей, Қытай, АҚШ та,
Қазақтың дамып жатқанын
Жатқан жоқ па бағалап.
Еңселі елу елдің де
Қатарына кіруге
Қазағым қалды жарап-ақ.
Осындай күнге жеткізген,
Болашақ ұрпақ қамы үшін
Ат үсті өмір өткізген
Бабалардың даңқына
Соғыңдар, кәне, шапалақ!
Сол бабалар қорғаған
Еліміз бен жеріміз,
Қазақ деген тегіміз,
Ағайын, бізге аманат.
Даласында дәні бар,
Қорасында малы бар,
Кеңпейіл, жомарт жаны бар,
Қайтпас қайсар қаны бар,
Нұрсұлтандай ханы бар,
Азаттықтың таңы бар,
Тәуелсіздік бағы бар
Қазағым болсын саламат!
Дәулеткерей, мінеки,
Байқайсың ба, бұл тойда
Әлем жатыр нұрланып.
Тәуелсіздіктің тойында
Ел де жатыр жырланып.
Жүрмейікші біздер де
Ортаға барын салсын деп,
Озғаны бәйге алсын деп,
Арқыраған айтысқа
Мейіріміз бір қансын деп
Жиналып отыр бұл халық.
Қай ақын жеңер екен деп,
Қиналып отыр бұл халық.
Балуан бағы күресте,
Бұйырғанын көрерміз,
Шамаң жетсе, ұр да жық.
:Дәулеткерей:
Мынау да байтақ тойларың
Қазағыма Құдайы
Жарқын да берген өмірдей.
Сіздердей жұртты көргенде,
Ақын да жарқын көңілде-ей.
Әбілқайырмен айтысып,
Сахнада тартысып,
Ақ нөсері өлеңнің
Қалай да қалсын төгілмей?!
Салиқалы сөйле, Әбеке,
Самарқанның бегіндей.
Кенесары боп сөйлесең,
Дұшпанға кеткен кегімдей.
Нұрсұлтан болып сөйлесең,
Басқарған елді ерімдей.
Бір бастасаң, тоқтау жоқ,
Сыр бойында, Әбеке,
Бес күндей сөйлеп кететін
Бесқонақтың желіндей!
Сансырап қалсаң, Әбеке,
Қамшылана берме борбайға.
Еліңнің ыстық алқасы,
Көңілің мұндайда тоңбай ма?!
Ағайын, жұртым бірлесіп,
Екеумізді де қолдай ма?!
Сақтаса Құдай жаладан,
Береке кетпей арадан,
Бақытын елдің қорғай ма?!
Осындай бақыт әрдайым
Қазақтың басына қонбай ма?!
Айырылма, халқым, бірліктен,
Айырылсаң, халқым, бірліктен,
Күдерің де болмас тірліктен,
Тұрымтай құс та бата алмас
Топтанып ұшқан торғайға!





Пікір жазу