23.02.2022
  360


Автор: Маман Байсеркеұлы

Іні әріптестің ірі еңбегі

Жалпы, сахнадан түспей, тиянақты өнер көрсетіп жүріп, өзінің және төңірегінің шығармашылық әлемі жайында толымды теориялық зерттеу жазып жүрген актер әзірге жоқ десе де болады. Тұңғышбай Жаманқұлов сылбыр дамитын тарпаң мінезді, асау жалды театртану іліміне жаңа да батыл талдауларымен келгенін қанағаттылықпен атап өтуіміз керек. Осыған дейінгі пікірлер мен театр сынында етек алып, дәстүрге айнала бастаған «жауырды жаба тоқу» сияқты шындықты бүркемелеу әдеттерін батылдықпен бұзып, сахналық өмірдің арғы-бергісі мен ішісыртын ашып айтуда автор түреннен жол салады. Өнер мен өмірдің ащысы мен тұщысын сылап-сипамай шынайы әңгімелеуде Тұңғышбай Жаманқұловтың «арпа ішінде бір бидай» сынды, адалдықтың ала жібін аттамайтыны қолыңыздағы туындыдан анық байқалады. Алғашқы кітабы «Назда», кейінгі екі томдық «Сөз» атты ғылыми зерттеуі мен естелік-эсселеріндегі шындықтың жалауын мұнда да еш төмендетпегені – өз әріптестерін адами һәм суреткерлік ерлік пен өмірлік ұстанымға адал болуға жетелейтіндей.
Маман Байсеркеұлы,
ҚР халық артисі,
ұстаз-режиссер,
профессор





Пікір жазу