Шындық пен өтірік
Өтірік: - Шындық
-ау,
Көрінбей қойды ғой төбең
“Демократияда биік”
- деп ең,
- өрем”
Үнің қалғандай ма тұншығып,
Әлде менің құлағым ба керең.
Жүруші ең тасаланбай,
Тәлтіректейсің мас адамдай,
Жә, не болды айтсайшы
Ақиқат едіңдер ашамаңдай.
Шындықты жұрт ұқпай,
Дауыстарың жүр ғой шықпай,
Әлсіредің бе оны айт,
Өтірікпен жазайық ұшықтай.
Сыйықтарың барады азып, тозып,
Біздің делебеміз жүр озып, қозып,
Билік те, мықтылар да бізді
Көмекке шақырады қолын созып.
Өтірік өр заманның өрінде,
Қасқайып Тағы менен Төрінде,
Шындық-ай, кейде шырылдайсың
Басыңды қимаймын өлімге...
Шындық:
-Е, Өтірік, асасың, тасасың,
Сөзді де судай шашасың
Әдетің ғой баяғы
Мен шындасам қашасың.
Мен қашанда қалыптамын,
Көз түсетін жарықтамын.
Рас, сендер семірген сайын
Мен кейде арықтадым.
Тірлігің болған соң бояма,
Сендегі барлық ой ала.
Шындық шырылдағанмен
Көзіңді алады жоя ала.
Талай заманнан өніппіз
Талай заманнан келіппіз.
Құрта алмайды ешкім де
Көрген жоқпыз өліп біз.