23.02.2022
  130


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ОЛ БІРІНШІ СӘУІР ҒОЙ...

Мен, мен едім, мен едім,
Ай мен күнге тең едім.
Толғанда қыз кемелім
Қасыма жақын кеп едің
Есіңдеме, не дедің? - ?! - Өлләһи сүйем деп едің,
Құлақ етін жеп едің.
Болмаса егер дегенім,
Буынып өлем деп едің.
Әйтпесе мынау ошаққа
Түсіп бір күйем деп едің.
Табысым менің шаш етек,
Алдыңа үйем деп дедің.
Жын ұрып кетем әйтпесе,
Сен де тұр кием деп едің.
Төркінің келсе сызданбай,
Ешкімнен сені қызғанбай,
Қабағымммен мұзданбай
Отырамын деп едің,
Қанша бала тапсаң да,
Басымды жұлып, шапсаң да
Үндемеймін деп едің.
Тілдемеймін деп едің.
Барлығына сенім ем,
 Айтқаныңа көнім ем... - Уәде берген сол күні,
Білесің бе қай күні? - Бірі болатын сәуірдің... - Алдауға болар сендейді
Сәуірдің бірі
-
ауыр күн.





Пікір жазу