23.02.2022
  149


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Сөз айту

Жігіт қызға емес
-ау,
Қыз жігітке сөз айтты,
Ешкімді салмай араға
Еш толқусыз өзі айтты. - Көптен бері Жұрнағым,
Жүрегімді тырнадың,
Өзіңдей болса деп едім,
Өмірлік менің бір жарым.
Өзіңнің мынау алдыңда,
Төгілсінші сырларым.
Жүз грамның әсері
Батылданып тұрғаным.
Кіл жамандар кездесіп,
Болмай жүрді тұрлауым.
Таста десең тастаймын,
Темекіні Жұрнағым.
Басымнан асқан қызығым,
Біреудің жалғыз қызымын.
Жөндеймін деп шаршадым,
Шишкалардың бұзығын.
Кен де емеспін ақшаға,
Зәулім үй бар баспана,
Өмірсерік іздеумен
Соғылды басым тасқа да.
Кейбіреулер кездескен,
Болып шықты опасный
Жүріп
-жүріп соңында
Болсай дейді запасный,
Короче сні сүйемін,
Басымды саған иемін.
Капли тебе нравлюсь
Клянюсь саған тиемін.
Таныстырсам маханға,
 Қарсы болмас паханда.
Өйткені сен ішпейсің,
Тұрақты жұмыс істейсің.
Согласиеңді берсең тек,
-
Алақаннан түспейсің...
***
Қыздың көңілі жайланып,
Дайындалды тойға анық,
... Ал жігітің жүр дейді
Әлі күнге ойланып..





Пікір жазу