23.02.2022
  133


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ТАПСЫРМА

Таңертең келіні:
- Апашка!
Оскарды қатты оятпай жәйменен,
Жұмыртқа бересіз шәйменен.
Қатты дауысқа шошиды,
Сөз айта көрмеңіз “Әй”” деген.
Немерең ғой шықпаған түсіңізден,
Ренжи көрмеңіз ішіңізден,
Айтпағым: Өріктен шығып жүр,
Шемішке шағып берерсіз тісіңізбен.
Түске таяу ботқасын бересіз жарманың,
Шырынын ішсін, помидар мен алманың,
Түсте қызметтен үйге келмесем,
Телефонмен айтамын аржағын.
Кстати, прошу Апа, тағы да өтінем,
Жиі сүймеңіз Оскардың бетінен
Микроб жұқпас үшін - страховка
Сүюге болады өкшесіің шетінен.
Кешке келіні:
- Оскар!
Жаным, жаны көзің неге кіртиген?!
Құдай-ау ернің неге көнтиген?!
Ыстығың бар ғой басыңда
Жылағансың ба? Кім тиген?!
Ботқаны шикі жедің бе,
Жемеймін Әже дедің бе,
Ұшындың ба тамақтан
Ұшық шығыпты ерінге
-деп Шешесі “Ах!” ұрды,
Сау балаға “Жедел жәрдем” шақырды.





Пікір жазу