23.02.2022
124
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Біз екеуміз
Әнін жазған Ренат Ғайсин
Жарасты дос едік,
Көңіліміз қош еді,
Қинадың бүгін қалайша?
От салдың өзекке,
Көрген сол бір мезетте,
Айналдық алтын арайға.
Қайырмасы:
Біз екеуміз, сен жалғыз,
Балдай қыз, арман қыз.
Бізді баурап алған қыз,
Сиқырлысың сен.
Біз де сені сүйеміз,
Тек іштей түйеміз.
Сен де бізді сүйесің,
Сүйкімдісің сен.