23.02.2022
157
Аяла мені
Әнін жазған Ренат Ғайсин
Саған қолым жете ме?
Айтсам, сөзім өте ме?
Болсам жақын етене
Деп ойлаймын.
Көріп алтын басыңды,
Көңіл күйі ашылды.
Бір өзіңдей асылды
Көп ойлаймын.
Қайырмасы:
Аяла мені,
Аяла мені,
Қарап жүрмін жолыңа.
Бағала мені,
Шағала мені
Қондыршы тез қолыңа.
Көңіл бөлші азғана,
Жас жүректі жасқама,
Алданбашы басқаға,
Жалынамын.
Өмірімнің алауы,
Көңілімнің қалауы –
Бір сен ғана аяулы,
Жаным-әнім.
Қайырмасы.