23.02.2022
  144


Автор: Абдрахман Асылбек

Жайна жаным, жайна

Әнін жазған Нұрлан Еспанов

Алтын таңым, ғашық әнім,
Жайқатылған жасыл бағым.
Бір өзіңе асығамын,
Менің асыл жаным.
Жүрегімді елжіреткен,
Тілегімді желбіреткен,
Келіп жеткен сен бір көктем,
Жаның мөлдір неткен?

Қайырмасы:
Жайна, жаным, жайна,
Көктем ару айда,
Бұлбұлым боп сайра,
Сендей сұлу қайда?
Жайна, жаным, жайна,
Жүрсем де мен қайда,
Бір өзіңсің ойда,
Сендей сұлу қайда?

Бал бұлақты жағалайын,
Сая бақты аралайын.
Төгеді нұр таң арайын,
Маған қарап айым.
Барым да сен, жарым да сен,
Бойымдағы қаным да сен.
Сағынышты сағым да сен,
Сенсің әнім әсем.

Қайырмасы.





Пікір жазу