23.02.2022
162
Қаншама жылдар өтсе де
Әнін жазған Жеңіс Сейдоллаұлы
Аялап сені келемін мен,
Жүзіңнен шуақ көремін мен.
Аялап мені сен де, жаным,
Күнімсің жарық бере білген.
Шынарымсың,
Жыр-әнімсің.
Анасы сенсің балалардың,
Анасы сенсің даналардың.
Жаным-ау, жазған әндерімді
Өзіңнен артық бағалар кім?
Шабытымсың,
Бақытымсың.
Қайырмасы:
Қаншама жылдар өтсе де,
Келемін аялаумен.
Жүрегім нұрын төксе де,
Қанатын жаяды әнмен.
Өтсе де жылдар қаншама,
Сенерім сен деп білем.
Өзің деп бағым – жансаям,
Әніммен тербеп келем.
Бақытты өмір – берекеміз,
Жарасты көңіл – мерекеміз.
Армандар алға жетелейді,
Біргеміз мәңгі сен екеуміз.
Шаттығымсың,
Ақ гүлімсің.
Қайырмасы.