23.02.2022
  185


Автор: Абдрахман Асылбек

Жасырма

Әнін жазған Иван Бреусов

Жатыр ғой талай сыр
Сөзіңде сенің.
Қалайша қарайсың
Көзіме менің?
Болмасын білемін
Махаббат жолы.
Бұлқынса жүрегім,
Кешіргін оны.

Қайырмасы:
Жасырма,
Түн үйқыңды кім ұрлады?
Жүрек неден шымырлады?
Ұмыт болар мұның бәрі,
Бәрі.
Жасырма,
Кім тұр аспан аясында?
Бұрынғы бақ саясында
Қайта құшақ жаясың ба?
Айтшы.

Оралар көктем де,
Желпінтіп желі.
Сол сәттер жеткенде,
Табармын сені.
Махаббат бұлбұлы
Бағына қонар.
Бәрі де бүл күні
Орнында болар.

Қайырмасы.





Пікір жазу