23.02.2022
  123


Автор: Абдрахман Асылбек

Айтшы

Әнін жазған Рамиль Галимов

Сүйіктім менің, сөзіме сенгін,
Бір сәт те болса, қасыма келгін.
Бір сәт те болса, қалуың үнсіз –
Мақұлдап мені, сүюің мінсіз.
Жерде де бірге,
Көкте де бірге,
Кезіп байтақ әлемді,
Жүзейік бірге.
Тілегім соңғы,
Өзіңнен өтінем
Сенің әппақ бетіңнен
Бір сүйсем болды.

Қайырмасы:
Айтшы,
Айтшы бәрін жасырмай,
Әсерлемей, асырмай,
Махаббатым жасындай
Жарқ ете қалсын.
Айтшы,
Шын бақытты кім көрген?
Гүлдейсің гүлдермен,
Бүгін боласың сен кімдермен?

Махаббат деген – күдік пен үміт,
Қалықтап жүрген көктегі бұлт.
Жаңбыр боп жауса, нұр болып себер,
Махаббат жыры – гүл болып өнер.
Бұлт болып біз де,
Көктем, жаз, күзде
Махаббаттың гүлін
Егейік түзге.
Шапағат нүры
Жүрекке орнасын.
Мәңгілікке солмасын
Махаббат гүлі.





Пікір жазу