23.02.2022
240
Айналайын, балам-ай
Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов
Айналайын балам-ай, алтыным,
Арайланған таңғы нұр, жарқыным.
Күлші, жаным, көңілді көктемдей,
Өзіңменен бақытты әр күнім.
Қайырмасы:
Айналайын келбетіңнен,
Сәніміз де сен ғана.
Жан тербеген,
Тән тербеген,
Әніміз де сен ғана.
Жарығысың жан ананың,
Таңымыз да сен ғана.
Балақаным –
Балапаным,
Бағымыз да сен ғана.
Жанымыздың күн-айы, шуағы,
Тәніміздің шырайы, шынары.
Жеріміздің мөп-мөлдір бұлағы,
Еліміздің төккен нұр жыр-әні.
Қайырмасы.