23.02.2022
412
ТӘРБИЕНІҢ ТҮРЛЕРІ - Қызына
- Қызым!
Шашың қысқа, ақылың ұзын,
Сенің басар жолың
Менің жүріп өткен ізім.
Ойламайды еш ана
Жаман болсын деп қызын.
Сондықтан мені түсін!
Мына ақылды ал,
Жарасса біреумен дәм
-тұзың.
О бастан майдай еріп,
Кетпе айтқанына көніп.
Кейіннен еркек деген
Бере қоймас ерік.
Әуелден шегедей қағып ал
Үсті
–үстіне төніп.
Көзін алартатын болса,
Жібер шапалақпен беріп.
Бірте
-бірте жұрдай болад,
Кейбір өктемсіген желік.
Төркініңді ұмытпа,
Сәлем
-сауқатпен келіп.
Айтпақшы, сен барғаннан
Бола көрме жерік.
Сынағыңнан өткен соң,
Тауып берерсің серік.
Тепкіңе мен айтқан төзсе,
Күйеу деген жақсы бір көлік.
Қалғанын кейін айтармын,
Ұзатқанымда батамды беріп.