23.02.2022
  326


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ТӘРБИЕНІҢ ТҮРЛЕРІ - Ұлына


- Балам,
“Әйелді бастан, баланы жастан”
Деген бар әуел бастан.
Билікті келінге берме,
Ақылды болса да асқан.
Ана балаға сыншы деп,
Өзіңнен үміт көп тоқан.
Әйелге жұмсарсаң –жүнсің,
Дұрысы, қатты бол тастан.
Сөз айтамын баламдеп,
Қатыны би жаман көп.
Бәйек бола берме,
Көңілін күнде табам деп.
Миыңа қорғасын құймасын,
Алтын, меруерт тағам деп.
Пландамасын тағы да
Жалғыз-ақ бала табам деп.
Төркіншіл және болмасын,
Елжіреп жиі барам деп.
Мен не айтсам да,
Сыйлайтын болсын анам деп.
Қысқасы, әуелден болжырама,
Айдағаныңа көндір,
Айтқаныңа сендір,
Айтпақшы айлығын
Алақаныма әкеп бердір.





Пікір жазу