![](/uploads/shorttexts/author_image/39d0c61d743637c9665153a723d2981e-240x300-1.jpg)
Ыстық сессия
Әркімнің өз несібесі, өз ризығы бар. "Молдалар өлімді, дәрігерлер аурулы жерде семіреді" демей ме. МАИ инспекторларын асырайтын – алатаяқ. Таможняны – посты...
Міне, біз де қысқы сессия басталып, нетіп жатырмыз. Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, Бұдан соң заочниктер бар келетін. Айлығымызды білесіздер... Біздің құдайдан тілейтініміз – Состоятельный еркетотай, Состоятельный жалқау, қыдырғыш, ұйқышыл студенттердің көп болуы.
Анада бір студент сабаққа келмей: "Инеш Бізбикешовна, машинам сынып қалып, ремонттатып... вообщем пропустил..." деп қ-а-р-а-п тұр. Ну, ничего. Ұстайтын жерді біз де білеміз. Пляшет еткіземіз, сессия кезінде. Енді бір шенеуніктің еркесі прямо лекцияға келіп ұйықтайды-ау.
- Қасқабасов тұрыңыз. Үйіңізге барып ұйықтаңыз... - деп аялап, арқасынан қағамыз, оятамыз.
- Ой, Инеш тәтей бас зеңіп. Түнде көп ішіп. Буфетке барып бас жазайыншы,-деп айылын жимайды-ау,. Білем бұл қызды да, ертең жүгіреді.
- Таксілеріңіз өткендегідей ме?- деп сұрайтындары тағы бар.
Біледі. Біле тұра, айтып тұрғандары осы, ақырзаманның студенттері. Зачетный ставка – $ 50 –70 доллар, курсовой жұмыс – $300 доллар.Бір күнде
орындап берсең - $ 400.
Олар бәрін біледі. Кейде ерегескендерге мүлде арттырамыз. Соңғы кезде кітапханашы қыздар да қулыққа басты. Студенттерге оқулықтарды бермей қояды. Олар да қолдағы барымен бірнәрсе көргісі келеді. Мейлі таршылық жоқ, $300 доллар пожалыста. Нете берсін...
- Жоқ, дедім ғой, кітапхана бойынша ондай источник жоқ. Қолда жүр. Кітап аз, сендер көп,-деп оқитын студенттерді шырылдатып тұрғаны.
Қысқы сессияның тұңғыш емтиханы... Қандай ыстық. Шытырлап көзіме ақша елестейді-ау. Шіркін, бір емтихан $300 доллар.
Шіркін-ай, сессия деген жылына 4 рет болса ғой, а то екі-ақ рет. Аз ғой. Осы мәселені дұрыстап шешу керек-ау, түбі. Ол сіз бен бізге жаман болмайды.