23.02.2022
  177


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Кемпірлер командасы

 


Құдайыда отырған кемпірлердің арасынан шу шықты.



  • Ай, Сары қыз, ана балаңа айт. Кәмандасына менің баламды алсын. Қызметі өсіпті. Құтты болсын. Жаңа аптозауыт ашып, директір болыпты. Естіп қуандым. Қызыл дипломы бар балам мамандығына сәйкес жұмыс таба алмай жүр. Екеуінің әкесі тай-құлындай тебісіп, бірге өсті емес пе. Қолдаушы жоқ. Май құятын стансадағы әне бір бастығы күнде “құртамын” деп қоқаңдайтын көрінеді.Қазір жұрттың барлығы да кәмандамен жұмыс істейді дейді. Енің баламды алсын қасына.

  • Өз ата жүзімізді түгендеп алайық та. Менің баламды алсын кәмандасына. Осы сенің балаңды өзім оқытып, мектепте завыш кезімде аттестатын өзім кілең 5-пен реттегенім есіңде ме. Білесің ғой. Одан жаман болған жоқ. Осындай дәрежеге жетіп отыр, - деген екінші дауыс қапталдасты.

  • Қайдан білейін. Жоғары жақтан да кәмандаға нұсқаулар түседі дейді. Қызметке енді барып... нетіп жатыр ғой өзі. Айтқанымды істей қойса...


Сары қыз кемпірдің даусы күмілжіңкіреп шықты. Үшінші дауыс өктем естілді:



  • Өмір бойы сауын пермада бір кәмандада жұмыс істедік. Екеуміз де селсәбетке депутат болып бірге әктебіс болдық, пенсияға да бірге шықтық. Қанша ақшамен оқып, табақтай дипломын құшақтап, үйде өзің кіндігін кескен қызың отырғанын көріп жүрсің. Біздің қызды алсын кәмандасына, балаңа айт. Әйттпесе өзім-ақ айтам..

  • Сары қыз, анау-мынауды қой. Қашаннан біз бір кәмәндада келеміз емес пе..  Өзіміздің кәмандамыздың   ұл-қызын түгендейік. Мыналардың бәрі дуылдап барады ғой, түге... Түкірден өлмеші болып бір дауыс ол да қалыспады.


Бұл даудың аяғы айқай, ұрыс, ұрыстың соңы жылап-сықтау, жоқтау болды. Бір-біріне дауласып дес бермеген кемпірлерді шет жақта құдайыға келе сала карта сызып отырған, иегіне жарты қылтық тұрақтамаған ақсақал жасындағылар өз кемпірлерін өздері бөліп әрең ажыратты. Ру, туыс-жекжат, құда-құдағилық қатынастар жілік-жілігімен бөлінді. Сол жерде балалары әртүрлі қызметте істейтін кемпірлер командасы құрылып, оған кәдімгідей жазбаша тізім жасалды.


 


Сөйтіп, қырық жыл көрші тұрып, құдайыға бірге барған екі кемпір, кетерінде екі бөлек қайтты. Өйткені екеуі екі бөлек командаға қосылды.


 





Пікір жазу