8-наурыз — Халықаралық әйелдер күні туралы эссе
8-наурыз десек, бүкіл әлем бойынша тойланатын, бүкіл әлем бойынша аталып өтілетін Халықаралық мейрам — «Әйелдер» мейрамы еске түседі. Әйелдер туралы өлеңдер жазылып, әйелдер туралы ән де шырқалып жатады. «Әйелдер» деген атаумен кеңінен тарап кеткен бұл мейрамды сөзімізге әсемдік қосып, әрлеп, құлағымызға жағымды, нәзік атаумен атайтын болсақ, яғни, «Аналар» мерекесі деп. Біздер үшін, аналардың орны әрқашанда бөлек болып саналады. Бір қолымен бесік тербеп, екінші қолымен әлемді тербейтін аналарға жететін жан жоқ шығар сірә!
«Ана деген — асыл жан, мерейіңді асырған» демекші, расында да аналарсыз бұл әлем қара түнекке айналарма еді, кім білсін! Жұмысқа да баратындар — аналар, баланы да табатындар — аналар. Отынды да жаратындар — аналар, тәуекелге баратын да — аналар. Уа, Аналар, аман болшы әрдайым, Уа, аналар, бар жақсыны арнаймын — деп, аналарымызға деген үлкен құрметіміз бен, ілтипатымызды білдіре жүрейік!
Сәби күнінен бастап, өсіп, сұлуланып, қос бұрымын тарамдап жүретін ару қыздарымыздың өзі ертеңгі болашақ ана, болшақ әже. Сондықтан, барша әйелдер қауымын, барша аналар мен әжелерді, қылығымен баурайтын, биязылық қалпында өсіп-өніп, тамыр жайып келе жатқан сүйкімді қыздарымыз бен көрікті аруларымызды осы атаулы мереке 8-наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Гүлдей жайнап, күлім қағып, жүздеріңізден күлкі кетпей, амандықта, саулықта жақын жандарыңызды қуантып жүре беріңіздер дегім келеді.
«Ғажайып Қазақстан — 2050» жұрналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы