22.02.2022
  1015


Автор: Абдрахман Асылбек

Тойға тілек

Әнін жазған Әшірхан Телғозиев

Бір-біріне көптен ынтық қос үміт,
Бүгін, міне, гүл жайнады қосылып.
Тап осындай тамашаның тұсында
Жырлайық, дос, тұрмайық бос тосылып.
Өмір тойы, көңіл тойы – үйлену,
Үйлену – бір кереметтей күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келу.
Осы күннен артта қалып балалық,
Осы күннен басталады даналық.
Жас жұбайлар болашаққа беттейді,
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып.
Ал, кәнеки, тойға келген халайық,
Шаттанайық, шаттық әнге салайық.
Жұбайларға бақыт тілеп баянды,
Үлкендердің ақ батасын алайық.


 





Пікір жазу