22.02.2022
163

Жол үстінде жолықтық
Әнін жазған Әшірхан Телғозиев
Дөңгеленген кең далаға
Тұрдың қадап көзіңді.
Үнсіз қалу жөн бола ма?
Сөзге тарттым өзіңді.
Қайырмасы:
Барлық адам бір-бірімен
Жол үстінде жолыққан.
Махаббаттың күмбірімен
Өмір күйге толыққан.
Қатарласқан қалпымызда
Жол үстінде жарастық.
Ақ түн қалды артымызда,
Келер күнге қарастық.
Қайырмасы.
Аяқталмас сапарымыз,
Алыс-жақын алмасар.
Ажырамас қатарымыз,
Арманымыз жалғасар.
Қайырмасы.