22.02.2022
  317


Автор: Абдрахман Асылбек

Арман-ай

Әнін жазған Медеу Арынбаев

Бұл өмірде бәрі жалған ба?
Армансыз адамда мән бар ма?
Сүрініп кеткенде,
Өкінбе өткенге,
Бақытыңа жақын сен қалғанда.
Қиындықтар батса жаныңа,
Тағдырыңа босқа налыма.
Арылып азаптан,
Арайлап ғажап таң,
Сәтті күндер туады тағы да.

Қайырмасы:
Арман-ай, арман-ай,
Бұл өмір жалған-ай.
Арман-ай, арман-ай,
Арайлы таңдар-ай.
Арман-ай, арман-ай,
Арман боп қалғаны-ай.
Арман-ай, арман-ай,
Арман-ай!

Бір ғана мен бе екен жалғанда,
Жетпеген аңсаған арманға?
Тағдырға иіліп,
Аллаға сыйынып,
Артамыз бар үмітті таңдарға.
Осы бір жалт еткен жалғанда
Арманға ұмтылмас жан бар ма?
Бақытқа көктемдей
Боласың жеткендей,
Сүйіктің күлімдей көз салғанда.

Қайырмасы.

Арайлы аспанға
Құшақты ашқанда,
Айналдың сағымға,
Жұмбақ жас жанға.
Жарқ етіп қайтадан,
Қашан мен айтам ән, жаным?
Аялай бер, қарлығашым,
Аққуымсың, жанымдасың,
Ақ гүлімсің, бағымдасың.
Ай-күнімсің, жанымдасың,
Шаттығым боп әнім қалсын.

Қайырмасы.





Пікір жазу