22.02.2022
  175


Автор: Абдрахман Асылбек

Алматының кешінде

Әнін жазған Медеу Арынбаев

Алматыға қарашы,
Ғашықтардың әсем қаласы.
Үйлеріне қарашы,
Тұр емес пе аспанмен таласып?
Алматының қаласы,
Қыздарына қызыға қарашы.
Қиыла көз қарасы
Тұр емес пе жаныңа жарасып?

Қайырмасы:
Бәрі, бәрі есімде, есімде,
Күлімдеген көктемнің кешінде.
Сені ғана сүйемін дедім,
Сен де сүйем дедің,
Алматының кешінде.

Алматымыз сән қала,
Мәңгі көктем, махаббат, ән қала.
Сен қарасаң паңдана,
Қарай берем мен де саған таңдана.
Алматымыз күн қала,
Әсем әуен, әсерлі гүл қала.
Сеніменен бұл қала
Құлпырады ерекше нұрлана.

Қайырмасы:
Күлімдеген көктемнің кешінде,
Гүлін терген бөктердің төсінде,
Келші, жаным, кел жақын, дедім,
Сен де мақұл дедің,
Бәрі, бәрі есімде.





Пікір жазу