22.02.2022
  272


Автор: Абдрахман Асылбек

Туған жер

Әнін жазған Медеу Арынбаев

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Атам қазақ айтқандай,
Елін сүйген қор болмас.
Құдіретіңе қайранмын,
Келбетіңнен айналдым.
Сені жырлап қанша жан
Бұлбұлыңа айналды.

Қайырмасы:
Айнымайтын көңіл-ай,
Жоғалмайтын сенім-ай.
Жанға жылы желің-ай,
Менің туған жерім-ай.
Бауларың-ай, белің-ай,
Тауларың-ай, көлің-ай.
Жасай бер, елім-ай,
Айналайын туған жерім-ай!

Асыр салып төсіңде,
Ержеткенім есімде.
Бас иемін, туған жер,
Өмір-өзен көшінде.
Бабаларды мақтайық,
Аманатын ақтайық.
Мирас етіп қалдырған
Туған жерді сақтайық.

Қайырмасы:

Туған жердей жер бар ма?
Туған елдей ел бар ма?
Ашық аспан – алтын күн,
Сен екеуің тең барда.
Бауларын-ай, белін-ай.
Тауларын-ай, көлін-ай.
Жасай бер, елім-ай,
Айналайын туған жерім-ай.





Пікір жазу