22.02.2022
  170


Автор: Абдрахман Асылбек

Аққуым өзің болшы

Әнін жазған Медеу Арынбаев

Ақындары Шығыстың жырлаған
Арулардың бірісің.
Бұлбұл үнін тамсана тыңдаған
Иран бақтың гүлісің.
Түн ұйқымды өзіңсің ұрлаған,
Қашты мазам, тынышым.
Сеніменен сүйкімді бұл ғалам,
Қиялымның күнісің.
Тал бойыңда – Шығыстың әдебі,
Үлбіреген гүл өңің.
Талай жігіт сыртыңнан дәмелі,
Оңай емес – білемін.
Кім сүймейді аруды әдемі?
Күйіп-жанды жүрегім.
Бір өзіңе тәуелді бар емі,
Өзің жаз деп тіледім.

Қайырмасы:
Айналайын, айналайын,
Бақытқа бөлеген кезім болшы.
Айдының боп аймалайын,
Аққуым өзің болшы.

Айналайын, айналайын,
Өзіңе асыға ұшайын да.
Аспаның боп аялайын,
Ынтыға құшайын да.
Көрген күннен армандап келемін,
Сипасам деп шашыңды.
Аңсап күткен ғашығым сен едің,
Жүзіңнен нұр шашылды.
Саған ғана сыйласам деп едім,
Әлемде бар асылды.
Өзің ғана өмірде сенерім,
Иіп өтем басымды.

Қайырмасы.





Пікір жазу