22.02.2022
  217


Автор: Абдрахман Асылбек

Ақмарал

Әнін жазған Медеу Арынбаев

Ойлап жүрем өзіңді күніменен,
Көз алдымнан кетпейсің түніменен.
Түсіме де сені жиі көрем,
Түсіндірем, жаным, мұны немен?
Ғашық болып өзіңе қалғандаймын,
Сөнбес сәуле көзіңнен алғандаймын.
Сезім кетер бірден селге айналып,
Күлімдесең бір сәт, аймаңдайлым.

Қайырмасы:
Ақмарал, Ақмарал,
Өрімдей жас Марал.
Ақмарал, Ақмарал,
Өзіңдей жоқ Марал.

Неге сені, сүйіктім, ойлай берем?
Қиялдарға ғажайып бойлай берем.
Қалқатайым, сұлу сымбатыңа
Қарасам да қанша, тоймай келем.
Ойлай берем қашанғы, жақындашы,
Тілегімді қабылдап, мақұлдашы.
Құшқан күні мәңгі махаббатын,
Асау жүрек лаулап лапылдасын.

Қайырмасы:
Ақмарал, Ақмарал,
Жаның нұр, әппақ ар.
Ақмарал, Ақмарал,
Шамыңды жақ, Марал.





Пікір жазу