22.02.2022
138
ЖОЛДА
Алматы вокзалы – қоштасу алаңы.
Тағдырдың жазуы – Аспанның амалы.
Бейтаныс жолаушы – бес күннің қонағы...
Жап-жасыл бағдаршам жанары...
Дәл сондай қарбалас дәл кеше, сәл бұрын...
Ашыған кеңсірік... әлде үміт, әлде мұң?
Жүректі қинайды жол жүрмек күндерім...
Жүз жылға есейдім тағы да мен бүгін.
Сұр перрон, мөлдір жас... орамал алқызыл...
Мен кеттім, сен қалдың, жалғызым... жалғызым...
Алдыда – Астана.
Көңілде – мұң, күдік...
Есалаң сұрақтар...
Бәрі де – талқы, зіл!
Бәрінің жоқ мүлдем ешқандай пайдасы.
Мұндайда Өлең ғой – өзіңе сай досың,
«Далаға қарашы, мұхиттай тербелген...
...кемеге ұқсайды көк таулар кейде осы...»