22.02.2022
223
Достарым
Әнін жазған Серік Сыздықов
Дөңгелек шексіз ғалам бар,
Өтсе де қанша замандар,
Достық құшағын ашады
Біріне бірі адамдар.
Достарым – ай күнім,
Арайлы айдыным.
Сендерсің сарқылмас
Береке, байлығым.
Жетсе де жылжып жыл басқа,
Достардың жөні бір басқа.
Сағынысып көргенде,
Кұшағын жайып тұрмас па?
Достарым, біргеміз,
Бөлінбес іргеміз
Арманмен, қиялмен
Қол создық күнге біз.