22.02.2022
171

Аялдама
Әнін жазған Әліби Әбдінұров
Бір қызды мен көріп қалдым, аялдама,
Көрген сәттен ерікті алды, аялдама.
Кері айтып оралғанша, аялдама,
Кетіп қапты, амал канша, аялдама.
Қайырмасы:
Аялдама, аялдама,
Қызды сүйсең, аялдама.
Жасқаншақтап, қапы қалма,
Таныс жылдам, жақын бар да.
Содан бері қала кезіп, аялдама,
Уақыт шіркін барады озып, аялдама,
Көрінбейді кара көзім, аялдама,
Сол қыз дейді сана-сезім, аялдама.
Қайырмасы.
Үмітімді үзбей келем, аялдама,
Сол аруды іздей берем, аялдама.
Көңіліме от қалаймын, аялдама,
Тапқанымша тоқтамаймын, аялдама.
Қайырмасы.