22.02.2022
  148


Автор: Абдрахман Асылбек

Алтын таң

Әнін жазған Әліби Әбдінұр

Алтын таң арайлап атқанда,
Ұйқыдан әлем оянған.
Шуақты шапағын шашқанда,
Нұрына дала боянған,
Нұрына қала боянған.

Қайырмасы:
Менің де балапан жүрегім
Оянып алтын таңменен,
Баршаға жақсылық тіледім,
Аялап әсем әнменен.

Алтын таң – тынымсыз тіршілік,
Өзен де, көл де тербелген.
Күлімдей көгіне күн шығып,
Тәніңе қуат, дем берген,
Жаныңа шуақ, ем берген.

Қайырмасы.

Алтын таң – шаттық пен шапағат,
Көңілді көктем, гүл еткен.
Алтын таң – алғашқы махаббат,
Жүректер нәзік дір еткен,
Жүректер нәзік дір еткен.

Қайырмасы.





Пікір жазу