22.02.2022
  173


Автор: Абдрахман Асылбек

Жасай бергін, жан әке

Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі

Асқар таусың, жан әке, көк тіреген,
Балалардың тірлігін көп тілеген.
Ұрпақтарың жатқанда өркен жайып,
Әшейін сөз «жастығым өтті» деген.

Қайырмасы:
Балаларың сіз дейді,
Сізді дәйім іздейді.
Жасай бергін, жан әке,
Сексен, тоқсан, жүз мейлі.
Немерең мен шөберең
Тірлігіңді үзбейді.

Әр ұланың әр түрлі маман болып,
Жетегіңде жетілдік адам болып.
Жүре бергін жайраңдап ортамызда,
Қиналма енді біз үшін алаң болып.

Қайырмасы.

Бақыттысың, жан әке, біздер барда,
Біздер барда – өшпейтін іздер барда.
Жасай бергін жар болып жаратушы,
Атар таңнан үмітін үзген бар ма?

Қайырмасы.





Пікір жазу