Құтты болсын тойларың
Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі
Күн күлімдеп көгінде,
Сәби келсе өмірге –
Шілдехана тойымыз
Менің-дағы, сенің де.
Еске алынып туған күн,
Ақтарылса думанды үн,
Ол да дарқан тойымыз,
Таң-тамаша қуған күн.
Қайырмасы:
Келсе өмірге бала,
Қызығым деп сана.
Көңіл мүлде сара,
Шаттық әнге сала.
Туған күнін жыл сайын,
Тойлатады ана.
Оқу бітіп, қуанып,
Алса балаң куәлік –
Ол да дарқан тойымыз,
Би билейміз бұралып.
Кереметтей күйге еніп,
Жатса жастар үйленіп
Ол да дарқан тойымыз,
Күмбірлеген күй болып.
Қайырмасы:
Желек жайған гүлің
– Өссін қыз бен ұлың.
Төгіп алтын нұрын,
Күлімдесін күнің.
Тойың тойға ұласып,
Жалындасын жырың.
Ардақталып тіліміз,
Салмақтанса дініміз
Ол да дарқан тойымыз,
Оңнан туған күніміз.
Бір кездегі жоғалған,
Бар жақсымыз оралған.
Ойда бүгін мол арман,
Тойға ұлы толар маң.
Қайырмасы:
Қасиетті елім,
Қасиетті жерім,
Кәусар бұлақ, көлің,
Жанға жайлы желің.
Тамаша мен тойларға
Тола берсін төрің.