22.02.2022
184
Қара қыз
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев
Бір ауылда бір өсіп бала кезден,
Өзіңе деп гүл теріп, дала кезгем.
Өзегімді өрт шалып кетуші еді,
Қарағанда қиыла қара көзбен.
Қайырмасы:
Қара қыз, қара қыз,
Ақылды қыз, дана қыз.
Жақын тартып барады
Күннен-күнге арамыз.
Қара шашың қос бұрым өрілетін,
Өрілетін – тобыққа төгілетін.
Қара қыз деп жүрсе де жеңгелерің,
Жүзің маған айдай боп көрінетін.
Қайырмасы.
Қара деген қастерлі бір ұғым ғой,
Қарақаттай көздерің – тұнығым ғой.
Қараторғай секілді қарындасым,
Жүрегімді жандырған қылығың ғой.
Қайырмасы.