22.02.2022
  1254


Автор: Абдрахман Асылбек

Биші қыз

Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Бойыңа бар сұлулық жиылғандай,
Ақбалтыр ақ мәрмәрден құйылғандай
Жарқ етіп шыға келдің жұрт алдына,
Биші қыз, ғажап еді биің қандай.
Аққудай өрнек салған көл бетіне,
Биші қыз, билеп кеттің тербетіле.
Бұралып тал шыбықтай тұла бойың,
Шаттық пен күлкі үйрілді келбетіңе.
Дүние өзіңменен шыр айналды,
Дүние сезімменен шырайланды.
Биші қыз, мені-дағы билеп алдың,
Сол күннен сүйдім сені құлай мәңгі.


 





Пікір жазу