22.02.2022
263
НАУРЫЗ
Әлем бүгін өз-өзінен көңілді,
Әлем бүгін өз-өзіне сенімді.
Түн де бүгін өз-өзінен тым өңді,
Күн де бүгін өз-өзінен жылынды.
Мәңгілікті жоғалтпаппыз, бар екен,
Еріп жатқан біздер емес, қар екен.
Жарқыраған біздер емес, Таң екен,
Жаурап қалған біздер емес, Жан екен...
Мынау әлем өзге емес, Біз екен,
Мынау Аспан Аспан емес, Көз екен.
Мынау көктем – Нұрдан қалған із екен,
Нұрдың өзі – Жаратқанның Өзі екен!..