22.02.2022
183
КҮБІР
Болған шағым – өкінішсіз,
Болашағым – өтінішсіз.
Тағдыр бәрін шешеді.
Атқан таңдар – аппақ Жарық!
Тек іңірден сақтанбадық
сайтандандырған кешегі.
Жарқ ететін жасыл түсті
көзімдегі жасын – күшті.
Көңіл бірақ беймәлім.
Соқпақтарда адасқанмен,
күбірлесіп
Көк-Аспанмен,
кетіп барам,
Ой – қалың...
Кімнің кетті несі кімде?
Кешіріңдер, өшіріңдер,
ұнамаса айтқаным.
Мен –
тірлікте өздеріңе,
қарап тұрып көздеріңе,
Ұлып-ұлып қайтқан мұң...