22.02.2022
  184


Автор: Ержан Жұмабек

Бар мен жоқ


Балпитқан аса байлығым да жоқ,
Бір жанға жетер айлығым да жоқ.
Астымда жүйрік темірім де жоқ,
Қызық қуатын көңілім де жоқ!
Ғаріп басымда баспаным да жоқ,
Еңбегім?.. Алға бастаған да жоқ!..
Шын түсінетін жолдасым да жоқ,
Қиналып кеттім – қолдаушым да жоқ!

Есесіне, сан дұшпандарым бар,
Келуі жұмбақ, ұшқан бағым бар…
Бағындыратын көп тауларым бар,
Әз таңдарым бар – ақ арманым бар!..
Ойымда, өрлеу – басты әнім бар,
Бойымда асау жастық жалын бар!..
Ел арасында қадірім де бар,
Ертең елейтін Тәңірім де бар!..





Пікір жазу