22.02.2022
  166


Автор: Ержан Жұмабек

* * *

Ағытсам сырдың тиегін,
Ай мен күннен де киелім.
Дамылсыз айтам жар салып,
Сүйемін сені, сүйемін!

Толқытқан сырлы шердейсің,
Келтірмейсің не келмейсің!
Ғашықтығымды ғаламат,
Көзімнен неге көрмейсің?!

Алтыныңмын-ау қолдағы?
Күй кештім құстай тордағы.
Тар маңдайына дүниенің,
Сыймай кетпесем болғаны...

Мүмкін,
Ақ бұлтқа айналам -
Көз тігетіндей айналам?!
Мөлт етіп көктен тамбай-ақ,
Кірпігіңе кеп байланам...





Пікір жазу