20.02.2022
  484


Автор: Абдрахман Асылбек

Кеш жарық

Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Кел, балақай, кеш жарық,
Қалып жүрме кеш қалып.
Кеш жарықты бастайық,
Көп қызықты еске алып.

Қайырмасы:
Көңілдерге қонып нұр,
Кешкі мезгіл болып тұр.
Кеңейеді ой-сана,
Кеш жарықты көріп бір.

Кеш жарықты көресің,
Қуанышқа енесің.
Жамандықтан жиреніп,
Жақсылыққа ересің.

Қайырмасы.

Құшақ түре қалдың ба?
Қызығына қандың ба?
Мультфильмдер мың түрлі,
Ертегілер – алдыңда.

Қайырмасы:

Көңілдерге қонып нұр,
Кешкі мезгіл болып тұр.
Кеңейеді ой-сана,
Кеш жарықты көріп бір.
Енді жайлап жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.





Пікір жазу