20.02.2022
  453


Автор: Абдрахман Асылбек

Айдай сұлу аруым

Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

«Сырғалым» деп жырладым,
Сызыла кеп тыңдадың.
Айдай сұлу аруым,
Сен екенсің гүл бағым.
«Ақ моншақ» деп ән салдым,
Алтын таңды қарсы алдым.
Айдай сұлу аруым,
Тәтті үніңе тамсандым.

Қайырмасы:
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолыңда маржан жүзік-ай.
Саусақтарың майысып,
Шай құйғаның қызық-ай.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолында маржан жүзік-ай.
Тал шыбықтай бұралып,
Білінбес басқан ізің-ай.

«Шашбаулыма» салғаңда,
Құмарым бір қанған ба?
Айдай сұлу аруым,
Сен екенсің жалғаңда.
Ақ білезік қолында,
Жарасымды оның да.
Айдай сұлу аруым,
Жаным құрбан жолыңда.

Қайырмасы:

Көзіңді сүзіп-ай,
Қолыңда маржан жүзік-ай.
Саусақтарың майысып,
Шай құйғаның қызық-ай.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолында маржан жүзік-ай,
Тал шыбықтай майысып,
Білінбес басқан ізің-ай.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қарайсың жанды үзіп-ай.
Мына қысқа ғұмырдың
Өзіңмен ғана қызығы-ай.


 





Пікір жазу