20.02.2022
254
Мәңгілік махаббатым
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев
Балғын едім,
Шалғын едім
Құрақты.
Нәзік едім,
Наз үн едім
Бұлақты.
Ет жүрегім
Елжіреді еріксіз,
Сері бала,
Сені ғана
Ұнаттым.
Қайырмасы:
Бұл өмірдің –
Гүл өңірдің
Сәні не?
Шапағатсыз,
Махаббатсыз
Мәні не?
Жыр-әнім ең.
Қыраным ең,
Қымбатты.
Күндер қайда,
Түндер қайда
Тым тәтті?
Ұмыттың да,
Суыттың да
Жанымды,
Өмірімде,
Көңілімде
Мұң жатты.
Қайырмасы:
Табам деумен,
Алаңдаумен
Әлі де,
Құлақ түрдім
Шуақты үннің
Бәріне.
Қайда жүрсем –
Ойда бір сен,
Асылым,
Тосып келем,
Қосып келем
Әніме.
Қайырмасы.