20.02.2022
140
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Отандасым, келдің бе?
Әнін жазған Жоламан Тұрсынбаев
Қарлығаштай қияннан,
Келдің ұшып, бауырым.
Ата қоныс ұяңнан,
Қарсы алады қауымың.
Түсіп тағдыр тезіне,
Домалап ең доптай боп,
Көрінді ме көзіңе,
Отан-ана оттай боп!
Сендерді ойлап күрсініп,
Сағынбайды дейсің бе?
Туған жерде тіршілік,
Табылмайды дейсің бе?!
Тиген кезде табаның,
Туған жердің төсіне.
Жасқа толып жанарың
Нелер түсті есің
Нелер түсті есіңе?!