20.02.2022
  153


Автор: Абдрахман Асылбек

Біздің ауыл Бестерек

Әнін жазған Жоламан Тұрсынбаев

Тарбағатай тауының,
Баурайында ауылым.
Тамашалап қайтасың,
Ауылымның сауығын.
Көрмек болсаң көп қызық,
Біздерге кел, бауырым!

Қайырмасы:
Біздің ауыл Бестерек,
Ер жігітке ес керек.
Асылыңа біл қата,
Ән саласың шырқата,
Уау, Бестерек!

Сылдыраған бұлағы,
Сыбдыраған құрағы.
Бестеректің қыздары,
Шыңның бейне шынары.
Көрген жігіт ғашық боп,
Арта түскен құмары.

Қайырмасы:

Арай шашып алдыңнан,
Жүрегіңді жандырған.
Ауылымыз көңілді,
Аялаған ән-думан.
Мейірі мен пейілін,
Мәңгі есіңде қалдырған.

Қайырмасы.





Пікір жазу